• Мое избранное
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурсын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 981 бұйрығына 1-қосымша

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурсын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2018 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР  Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2018 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурсын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі келісім (бұдан әрі – Келісім) болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12060 тіркелген) бекітілген «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірін бере және күнін көрсете отырып, өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының отыз минуттың ішінде өтінімді қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені және орындаушыны, өтінімді қарастыруға жауаптыларды айқындауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы он екі жұмыс күні ішінде:
өтінімді қарастырады;
өтінім түйіндемесін дайындайды;
өтінім түйіндемесіне құрылымдық бөлімше басшысында қол қояды;
материалдарды Жұмыс тобына қарастыруға береді.
4) Жұмыс тобының өтінім түйіндемесін және қоса берілген құжаттарды қарастыруы, он жұмыс күні ішінде қорытынды дайындауы;
5) Ведомствоаралық комиссия хатшысы жеті жұмыс күні ішінде өтінім түйімдемесін және жұмыс тобының қорытындысын Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады және хаттама түрінде рәсімделетін шығындарды өтеу туралы ұсынымды дайындайды;
6) Ведомствоаралық комиссия хаттамасы негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) он жұмыс күні ішінде бұйрықпен бекітілетін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды;
7) Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) және көрсетілетін қызметті алушы арасында он жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу туралы келісімнің жасалуы.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимыл) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеуі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құрылымдық бөлімшеге қарастыру үшін жасайтын бұрыштамасы;
3) өтінім түйіндемесі;
4) Жұмыс тобының қолы қойылған қорытынды;
5) Ведомствоаралық комиссия хаттамасы;
6) Министрліктің бұйрығы;
7) келісім жасау.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) Министрлік;
2) Комитет;
3) Жұмыс тобы;
4) Ведомствоаралық комиссия;
5) Ведомствоаралық комиссия хатшысы;
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы;
7) құрылымдық бөлімшенің басшысы;
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) он бес минуттың ішінде құжаттарды кеңсе маманы тіркеу нөмірін бере және күнін көрсете отырып тіркейді, содан соң көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысына не оның орынбасарына беріледі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама жасайды және құжаттарды он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы он бес минуттың ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарастыруға береді;
4) көрсетілетін қызметті алушының жауапты орындаушысы екі жұмыс күн ішінде өтінім тіркелген сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберіп өтінішті қараудан бас тартады.
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы он жұмыс күні ішінде:
өтінім түйіндемесін дайындайды және құрылымдық бөлімше басшысына қол қоюға ұсыныды;
Құрылымдық бөлімше басшысында өтінімнің түйіндемесіне қол қойдырады;
материалдар дайындайды және Жұмыс тобының қарастыруына шығарады;
6) Жұмыс тобы он жұмыс күні ішінде өтінім түйіндемесін және қоса берілген құжаттарды қарастырады және қорытынды дайындайды;
7) Ведомствоаралық комиссия хатшысы жеті жұмыс күні ішінде өтінім түйіндемесін және жұмыс тобының қорытындысын Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығаруды және Министрлікке ұсыным дайындайды;
8) Министрлік он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды;
9) Комитет көрсетілетін қызметті алушымен он жұмыс күні ішінде келісім жасасады.
  • 1
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің интернет-ресурсын құруға және іске қосуға арналған қызметтерді төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
  • 1
«Индустриялық-инновациялық қызмет
 субъектілерінің интернет-ресурсын
 құру және іске қосу қызметтерін
 төлеу бойынша шығындардың бір
 бөлігін өтеу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 қосымша
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурсын құру және іске қосу қызметтерін төлеу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестер анықтамалығы