Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 981 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Шетелде, сондай-ақ шетелдік кеңесші-сарапшыларды индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына шақыру арқылы экспортты басқару, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнімді өндіру саласындағы экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Шетелде, сондай-ақ шетелдік кеңесші-сарапшыларды индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына шақыру арқылы экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі келісім болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12060 тіркелген) бекітілген «Экспортты басқару саласында, оның ішінде шетелде экспортқа бағытталған өнім өндірісі саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кәсіпорындарына шетелдік сарапшы-консультанттарды шақыра отырып, оқыту бойынша қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы өтінімді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, олардың көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының отыз минуттың ішінде өтінімді қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені және орындаушыны, өтінімді қарастыруға жауаптыларды айқындауы;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы он екі жұмыс күні ішінде:
Toggle Dropdown
өтінімді қарастырады;
Toggle Dropdown
өтінім түйіндемесін дайындайды;
Toggle Dropdown
өтінім түйіндемесіне құрылымдық бөлімше басшысында қол қояды;
Toggle Dropdown
материалдарды Жұмыс тобына қарастыруға береді.
Toggle Dropdown
4) Жұмыс тобының өтінім түйіндемесін және қоса берілген құжаттарды қарастыруы, он жұмыс күні ішінде қорытынды дайындауы;
Toggle Dropdown
5) Ведомствоаралық комиссия хатшысы жеті жұмыс күні ішінде өтінім түйімдемесін және жұмыс тобының қорытындысын Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады және хаттама түрінде рәсімделетін шығындарды өтеу туралы ұсынымды дайындайды;
Toggle Dropdown
6) Ведомствоаралық комиссия хаттамасы негізінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) он жұмыс күні ішінде бұйрықпен бекітілетін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
7) Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) және көрсетілетін қызметті алушы арасында он жұмыс күні ішінде шығындарды өтеу туралы келісімнің жасалуы.
Toggle Dropdown
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимыл) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеуі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының құрылымдық бөлімшеге қарастыру үшін жасайтын бұрыштамасы;
Toggle Dropdown
3) өтінім түйіндемесі;
Toggle Dropdown
4) Жұмыс тобының қолы қойылған қорытынды;
Toggle Dropdown
5) Ведомствоаралық комиссия хаттамасы;
Toggle Dropdown
6) Министрліктің бұйрығы;
Toggle Dropdown
7) келісім жасау.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Министрлік;
Toggle Dropdown
2) Комитет;
Toggle Dropdown
3) Жұмыс тобы;
Toggle Dropdown
4) Ведомствоаралық комиссия;
Toggle Dropdown
5) Ведомствоаралық комиссия хатшысы;
Toggle Dropdown
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы;
Toggle Dropdown
7) құрылымдық бөлімшенің басшысы;
Toggle Dropdown
8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
Toggle Dropdown
9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.
Toggle Dropdown
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
Toggle Dropdown
1) он бес минуттың ішінде құжаттарды кеңсе маманы тіркеу нөмірін бере және күнін көрсете отырып тіркейді, содан соң көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысына не оның орынбасарына беріледі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама жасайды және құжаттарды он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына жібереді;
Toggle Dropdown
3) Басқарма басшысы он бес минуттың ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарастыруға береді;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушының жауапты орындаушысы екі жұмыс күн ішінде өтінім тіркелген сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберіп өтінішті қараудан бас тартады.
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы он жұмыс күні ішінде:
Toggle Dropdown
өтінім түйіндемесін дайындайды және құрылымдық бөлімше басшысына қол қоюға ұсыныды;
Toggle Dropdown
Құрылымдық бөлімше басшысында өтінімнің түйіндемесіне қол қойдырады;
Toggle Dropdown
материалдар дайындайды және Жұмыс тобының қарастыруына шығарады;
Toggle Dropdown
6) Жұмыс тобы он жұмыс күні ішінде өтінім түйіндемесін және қоса берілген құжаттарды қарастырады және қорытынды дайындайды;
Toggle Dropdown
7) Ведомствоаралық комиссия хатшысы жеті жұмыс күні ішінде өтінім түйіндемесін және жұмыс тобының қорытындысын Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығаруды және Министрлікке ұсыным дайындайды;
Toggle Dropdown
8) Министрлік он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
9) Комитет көрсетілетін қызметті алушымен он жұмыс күні ішінде келісім жасасады.
Toggle Dropdown
1
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Шетелде, сондай-ақ шетелдік кенесші-сарапшыларды индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына шақыру арқылы экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1
«Шетелде, сондай-ақ шетелдік кеңесші-сарапшыларды
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына
шақыру арқылы экспортты басқару, оның ішінде экспортқа
бағдарланған өнімді өндіру саласындағы экспортты басқару
саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша
көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың
бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Toggle Dropdown
«Шетелде, сондай-ақ шетелдік кеңесші-сарапшыларды индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері-кәсіпорындарына шақыру арқылы экспортты басқару, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнімді өндіру саласындағы экспортты басқару саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-процестер анықтамалығы
Toggle Dropdown