Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 981 бұйрығына
7-қосымша
Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 28.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.
Мемлекеттік кызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, ал нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Отандық өнделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12060 болып тіркелген) бекітілген Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің немесе КҚКО маманының өтінімді бір жұмыс күні ішінде қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді он жұмыс күні ішінде қарастыруы;
3) талаптарға сәйкес болған жағдайда, Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімге бір жұмыс күні ішінде қол қою;
4) көрсетілетін қызметті берушінің ақша қаражатын көрсетілетін қызметті алушының есепшотына бес жұмыс күні ішінде аударуы;
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің іс-қимыл нәтижесі:
2) көрсетілетін қызметті алушыға хат;
4) көрсетілетін қызметті алушыға ақшалай қаражатты аудару.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) құрылымдық бөлімше басшысы;
4) қаржылық есепке алу және бақылау жөніндегі сектор маманы;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе КҚКО маманы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе КҚКО маманының он бес минуттың ішінде өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама жасайды және оларды он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлемшесінің басшысына қарастыруға жібереді;
3) құрылымдық бөлімше басшысы он бес минуттың ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған өтінімді қарастыруға береді;
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ұсынылған құжаттар топтамасының толық екендігіне тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде ескертпелер жазылған хат дайындайды;
5) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толық болған жағдайында, жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінімінің қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
6) жауапты орындаушы ұсынылған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде тиісті дәлелдеумен хабарлама жібереді;
7) жауапты орындаушы ұсынылған талаптарға сәйкес болған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің тарапынан қол қойылған Шығындардың бір бөлігін төлеу мүмкіндігі жөніндегі келісімді қоса бере отырып, Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді екі данада жібереді
8) жауапты орындаушы қаржылық есепке алу және бақылау жөніндегі секторға Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімге қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметтік хат дайындайды;
9) қаржылық есепке алу және бақылау секторының маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының есепшотына үш жұмыс күні ішінде жібереді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, өзара іс-қимылдарының толық сипаттауы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орның толтыру» Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді
жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы