• Мое избранное
Фильмге прокаттау куәлігін беру
Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына 1 қосымша

«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес
Осы Регламент өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 жылғы № 212 Бұйрығымен (22.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.07.2019 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (21.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: www.egov.kz, www.elіcense.kz «Электрондық үкімет» веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18473 болып тіркелген «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген фильмге прокаттау куәлігі, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру формасы – электрондық.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекет) басталуына стандарттың 9-тармағында қарастырылған өтінішті портал арқылы қабылдау негіз болып табылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр үрдісіне жататын рәсімнің (әрекет) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті тіркеуші қызметкер (бұдан әрі - қызметкер) көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды порталға түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны анықтау үшін басшылыққа жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы сол күні өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын қалыптастырады және оны басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
6. Келесі рәсімдерді (әрекет) орындап бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша рәсім (әрекет) нәтижелері:
1) қызмет алушының тіркелген өтініші және басшылықтың бұрыштамасы;
2) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасы немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
3) мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) қызметкер;
2) жауапты орындаушы;
3) басшылық.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әр рәсімнің (әрекет) мерзімі көрсетілген рәсімдердің (әрекет) реттік сипаттамасы:
1) қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды порталға түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны анықтау үшін басшылыққа жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) өтінішті тіркегеннен және қарар алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы сол күні өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын қалыптастырады және оны басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің қалыптастырылған жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
4-тарау. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің сипаттамасы
9. Осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау, портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-үрдіс – ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізу үдерісі;
3) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин және пароль арқылы тексеру;
4) 2-үрдіс – қызмет алушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты порталмен шынайлықты рәсімдеуден бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;
5) 3-үрдіс– қызмет алушының мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс үлгісін экранға шығару және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып, қызмет алушының үлгіні толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс үлгісіне электрондық түрде қажетті құжаттарды тіркеуі;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай - ақ сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
7) 4-үрдіс – қызмет алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету үшін сұранысты куәләндіру және электрондық құжатты (сұранысты) электрондық үкіметтің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы қызмет берушімен өндеу үшін қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі -АЖО) жолдау;
8) 5-үрдіс – қызмет алушының ЭЦҚ шынайлығының расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үрдіс – электрондық құжаттың қызмет берушімен АЖО-да тіркелуі;
10) 3-шарт – алушының стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіздемелеріне сәйкес ұсынған құжаттарды қызмет беруші тарапынан тексеру (өндеу);
11) 7-үрдіс – қызмет алушының құжаттарындағы қателерге байланысты сұратылған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;
12) 8-үрдіс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9-үрдіс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу;
14) 10-үрдіс – осы регламенттің 5-тармағының 2)-3) тармақшаларында көзделген рәсімдер (іс-қимылдар);
15) 11-үрдіс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында фильмге прокаттау куәлігін) немесе "Е-лицензиялау"МДҚ АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшілері (қызметкерлер) арасындағы қатынастар, рәсімдер (әрекет) жан-жақты, реттік сипаттамасы, сонымен қатар өзге қызмет берушілер мен (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара қатынасының реттік сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі берілген регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің с бизнес-үрдістер анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үрдістер анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
«Фильмге прокаттау куәлiгiн
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
 
 
«Фильмге прокаттау куәлiгiн
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы
 
Шартты атаулар: