Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
2 қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 17.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру: www.egov.kz «Электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық нысан (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия (бұдан әрі – лицензия) немесе тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – қайта ресімделген лицензия) не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық нысан.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме заңды және жеке тұлғадан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) стандарттың 9-тармағында көзделген, портал арқылы қабылданған құжаттар болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) өтінішті тіркеуші қызметкер (бұдан әрі - қызметкер) көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты орындаушыны анықтау үшін басшылыққа жолдайды 1 (бір) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы сол күні өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын қалыптастырады және оны басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – келісуші органдар) келісуге жібереді 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) келісуші органдар 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге келісу не келіспеу туралы дәлелді жауапты жолдайды;
4) жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын қарайды және қалыптастырады;
5) жауапты орындаушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
Лицензияны қайта рәсімдеу барысында:
1) қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны анықтау үшін басшылыққа жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы сол күні өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын қалыптастырады және оны басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы оларды қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
6. Келесі рәсімдерді (әрекет) орындап бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша рәсім (әрекет) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті алушының тіркелген өтініші және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
2) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасы немесе келісуші органдарға хат;
3) келісу немесе келіспеу туралы келісуші органның дәлелді жауабы;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
5) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны анықтау үшін басшылыққа жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) өтінішті тіркегеннен және басшылықтың қарарын алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы сол күні өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын қалыптастырады және оны басшыға бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – келісуші органдар) келісуге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;
3) құжаттарды алғаннан кейін келісуші органдар 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге келісу не келіспеу туралы дәлелді жауапты жолдайды;
4) келісуші органның дәлелді жауабын алғаннан кейін жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын қарайды және қалыптастырады;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің қалыптастырылған жобасын жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды;
лицензияны қайта рәсімдеу барысында:
1) қызметкер көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны анықтау үшін басшылыққа жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) өтінішті тіркегеннен және басшының бұрыштамасын алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы сол күні өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын қалыптастырады және оны басшыға бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
Құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын қалыптастырады.
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің қалыптастырылған жобасын жауапты орындаушы сол күні басшылыққа бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.
4-тарау. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібінің сипаттамасы
9. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 - қосымшаға сәйкес Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігі арқылы порталда тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға құпия сөз енгізу процесі;
3) 1-шарт – порталда логин және құпия сөз арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраудың нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
6) 4-процессс – электрондық үкіметінің төлем шлюзі арқылы қызметке ақы төлеу;
7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінде (әрі қарай - МДҚ АЖ) көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу фактісін тексеру;
8) 5-процесс – порталда қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-процесс – алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасы расталмағандықтан, сұрау салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алуға арналған сұраудың (енгізілген деректердің) толтырылған нысанын растауы (қол қоюы);
13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тіркеу;
14) 10-процесс – осы регламенттің 5-тармағының 2) -4) тармақшаларында көзделген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру;
15) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы туралы хат мемлекеттік қызметті алушыға «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі археологиялық
және (немесе) ғылыми-
рестраврациялық жұмыстарды
жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
«Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі археологиялық
және (немесе) ғылыми-
рестраврациялық жұмыстарды
жүзеге асыру жөнiндегi қызметке
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процесстерінің анықтамалығы
*ЖАО – облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары