Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 қарашада 12314 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 18-03/947 от 2015-10-26г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 09.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығына қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2016 жылғы № 232 Бұйрығымен (26.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. « Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 ақпанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тартылған консультант - халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамыту жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер бұрын өтінімде көрсетілген халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау бойынша АӨК субъектілерінің шығындарын өтеу бойынша субсидиялар ұсынылмаған болса төленеді.».
4. «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.02.2020 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес (23.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. « Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/44 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10346 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларында:
6 және 9 қосымшалар осы Тізбеге 2 және 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7. « Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 тіркелген) бұйрығымен бекітілген аңшылық минимумды оқуға мүдделі адамдар қауымдастыққа жеке куәлігінің қағазға басылған нысанында немесе электронды нысандағы көшірмесін қоса тіркеп қауымдастықтың сайтында көрсетілген электронды мекенжайларына, еркін түрде жазылған өтініш береді.»;
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тестілеуді қауымдастықтың филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен құрылатын кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) қағаз тасығышында қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктерінде белгіленген мерзімінде өткізеді.»;
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша орыс тілінде және 1 және 2-қосымшалар мемлекеттік тілде осы Тізбеге 4, 5, және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8. « Дериваттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дериваттар тізбесінде:
3. Жануарлар туындысы бөлімінде:
4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қан».
9. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 сәуірде жарияланған):
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:
15-тармақтың үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
10. «Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 18-1/429 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11326 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман күзеті туралы ережедегі барлық абзацтарда:
«бас орман күтушілер» деген сөздер «бас орманшылар» болып, «бас орман күтіушілердің орынбасары» деген сөздер «бас орманшылардың орынбасарлары» болып, «бас орман күтушісі» деген сөздер «бас орманшы» болып, «бас орман күтушінің орынбасары» деген сөздер «бас орманшының орынбасары» болып, «орман күтушісі» деген сөздер «орманшы» болып, «орман күтушінің көмекшісі» деген сөздер «орманшының көмекшісі» болып, «орманшылар» деген сөздер «орман күтушілері» болып жазылсын.
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу нөмірі
Облыстар мен мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік
мекемелері бойынша мынадай кодтар беріледі:
р/с № |
Мемлекеттік орман иеленушілердің атауы | Код |
1 | 2 | 3 |
Ақмола облысы | ||
1 | «Ақкөл» | 01 |
2 | «Барап» | 02 |
3 | Үлкен түкті | 03 |
4 | «Бұқпа» | 04 |
5 | Ерейментау | 05 |
6 | Кеңес | 06 |
7 | Краснобор | 07 |
8 | Куйбышев | 08 |
9 | Кіші түкті | 09 |
10 | Маралды | 10 |
11 | Отрадное | 11 |
12 | Степногор | 12 |
13 | Ұрымқай | 13 |
14 | Көкшетау орман селекциялық орталығы | 14 |
15 | Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы | 15 |
16 | Жасыл аймақ» РМК | 16 |
Ақтөбе облысы | ||
1 | Ақтөбе | 01 |
2 | Үлкен борсық | 02 |
3 | Қарабұтақ | 03 |
4 | Мәртөк | 04 |
5 | Темір | 05 |
6 | Ойыл | 06 |
7 | Қобда | 07 |
Алматы облысы | ||
1 | Алакөл | 01 |
2 | Бақанас | 02 |
3 | Бөрлітөбе | 03 |
4 | Жаркент | 04 |
5 | Жоңғар | 05 |
6 | Қаскелең | 06 |
7 | Кеген | 07 |
8 | Күрті | 08 |
9 | Нарынқол | 09 |
10 | Талдықорған | 10 |
11 | Үйгентас | 11 |
12 | Ұйғыр | 12 |
13 | Үштөбе | 13 |
14 | Шелек | 14 |
15 | «Қызыл жиде» | 15 |
16 | Алматы орман селекциялық орталығы | 16 |
Атырау облысы | ||
1 | Атырау | 01 |
2 | Индер | 02 |
3 | Құрманғазы | 03 |
Шығыс Қазақстан облысы | ||
1 | Асубұлақ | 01 |
2 | Үлкен нарым | 02 |
3 | Верх-Уба | 03 |
4 | Зайсан | 04 |
5 | Зырян | 05 |
6 | Күршім | 06 |
7 | Кіші оба | 07 |
8 | Марқакөл | 08 |
9 | Пихта | 09 |
10 | Риддер | 10 |
11 | Самара | 11 |
12 | Өскемен | 12 |
13 | Черемшан | 13 |
Жамбыл облысы | ||
1 | Ақкөл | 01 |
2 | Ақыртөбе | 02 |
3 | Байзақ | 03 |
4 | Бурылбайтал | 04 |
5 | Жамбыл | 05 |
6 | Жуалы | 06 |
7 | Қарақоңыз | 07 |
8 | Көктерек | 08 |
9 | Қордай | 09 |
10 | Қосқұдық | 10 |
11 | Луговое | 11 |
12 | Мерке | 12 |
13 | Мойынқұм | 13 |
14 | Сарысу | 14 |
Батыс Қазақстан облысы | ||
1 | Ақжайық | 01 |
2 | Бөрлі | 02 |
3 | Тайпақ | 03 |
4 | Орал | 04 |
5 | Орда | 05 |
6 | Чапаев | 06 |
7 | Шыңғырлау | 07 |
8 | Январцев | 08 |
Қарағанды облысы | ||
1 | Ақтоғай | 01 |
2 | Жаңаарқа | 02 |
3 | Қарағанды | 03 |
4 | Қу | 04 |
5 | Теміртау | 05 |
6 | Ұлытау | 06 |
Қостанай облысы | ||
1 | Арақарағай | 01 |
2 | Басаман | 02 |
3 | Боровской | 03 |
4 | Камышин | 04 |
5 | Михайлов | 05 |
6 | Пригородное | 06 |
7 | Семиозер | 07 |
8 | Таранов | 08 |
9 | Ұзынкөл | 09 |
10 | Урицкое | 10 |
11 | Усаков | 11 |
Қызылорда облысы | ||
1 | Арал | 01 |
2 | Жалағаш | 02 |
3 | Жаңақорған | 03 |
4 | Қазалы | 04 |
5 | Қармақшы | 05 |
6 | Қызылорда | 06 |
7 | Сырдария | 07 |
8 | Шиелі | 08 |
Маңғыстау облысы | ||
1 | Бейнеу | 01 |
2 | Сам | 02 |
Павлодар облысы | ||
1 | Максим Горький | 01 |
2 | Павлодар | 02 |
3 | Үрлітөбе | 03 |
Солтүстік Қазақстан облысы | ||
1 | «Ақан сері» | 01 |
2 | Аққайың | 02 |
3 | Булаев | 03 |
4 | Бұрлық | 04 |
5 | Есіл | 05 |
6 | Жамбыл | 06 |
7 | Қызылжар | 07 |
8 | Мамлют | 08 |
9 | Орлиногор | 09 |
10 | Преснов | 10 |
11 | Сергеев | 11 |
12 | Соколов | 12 |
Оңтүстік Қазақстан облысы | ||
1 | Арыс | 01 |
2 | Бадам | 02 |
3 | Боралдай | 03 |
4 | Отырар | 04 |
5 | Созақ | 05 |
6 | Түркістан | 06 |
7 | Шардара | 07 |
8 | «Жасыл желек» | 08 |
Орман пайдалану түріне байланысты шарт нөмірі мынадай цифрларды қамтиды:
1) сүрек дайындау - 01;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау - 02;
3) жанама орман пайдалану (шөп шабу – 03/1, мал жаю – 03/2, марал өсіру – 03/3, аң өсіру – 03/4, омарталар мен ара ұяларын орналастыру – 03/5, көкөніс өсіру – 03/6, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру – 03/7, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен техникалық шикізат – 03/8, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнімдер – 03/9, мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтар, қамыс – 03/10 дайындау және жинау);
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану – 04;
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану - 05;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану - 06;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану - 07.
Мемлекеттік орман учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеу журналда (бұдан әрі - журнал) мынадай жазба жазылады:
01-01/001, мұндағы:
1) 01 цифрлары – орман иеленушінің атауын білдіреді;
2) 01 цифрлары – орман пайдалану түрін білдіреді;
3) 001 цифрлары – журнал бойынша реттік тіркеу нөмірін білдіреді.
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша
Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау жасау қағидаларына 6-қосымша
нысан
Паспорт № _____
20__жылғы _______ массасы __________ (____________________) килограмм
(күні, айы) (жазбаша) (цифрлармен)
____________________________________ орман тұқымы партиясына жасалды.
(тұқымның толық қазақша және латынша түр атауы)
1. Осы орман тұқымы партиясын
_____________________________________________________________________
(бағыныстылығын көрсетіп, осы партияны дайындаған шаруашылықтың атауы)
2. Шаруашылықтың мекенжайы және пошта индексі _______________________
3. Электронды поштаның адресі _______________________________________
4. Орман тұқымдарын, жемістер, бүрлер жиналған уақыт ___ 20__жыл ___
(айы, жылы)
5. Орман тұқымы, жеміс немесе бүршік жиналғандарын:__________________
_____________________________________________________________________
(орман тұқымы ауданының, кіші ауданының индексі,
_____________________________________________________________________
мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық)
Орман тұқымы объектісінің санаты_____________________________________
Сортты немесе жаңартылған орман тұқымдар_____________________________
плантация немесе учаске нөмірі, орам, телім
6. Екпелердің, плантацияның, учаскенің таксациялық сипаттамасы:
орманның құрамы__________, бонитеті_____, түрі_______________________
жас тобы ____________________________________________________________
(балауса, орта жастағы, пісіп келе жатқан, пісіп жетілген)
Селекциялық топ______________________________________________________
орман тұқымдарының орман өсіруге құндылылығы_________________________
(қалыпты, жақсартылған, сортты)
Басқа мәліметтер_____________________________________________________
7. Таулы жағдайлар үшін мыналар көрсетіледі:
1) теңіз деңгейінен биіктігі_________________________________________
2) бөктері (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік)_______________________
8. Орман тұқымдарын, жемістерді немесе бүршектерді жаппай дайындау
алдында алқаағаштарға кім және қашан алдын ала тексеру жүргізді
_____________________________________________________________________
9. Бүршіктен орман тұқымдары қандай әдіспен және қашан алынды, бүршік
кептіргіштің түрі, температурасы
_____________________________________________________________________
10. Қылқан жапырақтылар орман тұқымдары қандай әдіспен және қандай
механизмді қолданып қанатсыздандырылды және тазартылды
_____________________________________________________________________
11. Орман тұқымы құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен
алынды______________________________, орман тұқымы қандай әдіспен
тазартылды___________________________________________________________
12. Орман тұқымдарын тазарту қашан аяқталды _________________________
(күні, айы, жылы)
13. Орман тұқымын қайда сақталуда ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(егжей-тегжейлі көрсетілсін: арнайы тұқым сақтағышта, ыңғайландырылған, суық немесе
жылы үй-жайда орларда, жертөледе, кенеп жабылып және т.б.)
14. Орман тұқымдары қандай ыдыста сақталады _________________________
(бөтелкеде, қапта, жәшікте немесе басқа ыдыста)
15. Орман тұқымдары қандай мақсатта дайындалды ______________________
_____________________________________________________________________
(өз шаруашылығында себу үшін, өткізу үшін, тәжірибелік мақсаттар үшін)
Мөр орны Мемлекеттік орман иеленуші
Орман тұқымдарын сақтауға жауапты тұлғаның лауазымы мен қолы.
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша
Орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау жасау қағидаларына 9-қосымша
Орман тұқымдары партиясын қалыптастыру, үлгілер сұрыптау және орташа үлгіні құрау ерекшеліктері
Р/с № | Жұмыстардың атауы | Жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері |
1 | 2 | 3 |
1. | Орман тұқымдарының партияларын қалыптастыру | Партия біртекті орман тұқымдарынан: 1) түрі немесе түр алуандығы; 2) өсетін орнының жағдайлары; 3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген); 4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты); 5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды); 6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі; 7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану дәрежесі бойынша қалыптастырылады. Белгілі бір түр орман тұқымдарының әртүрлі партияларын, оның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды. |
2. | Орман тұқымдарының үлгілерін сұрыптау | Үлгі сұрыптау ағаштың түріне және орман тұқымдарының партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен жүргізіледі: 1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 сантиметр, орташа - үйінді биіктігінің тең жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек; 2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады; 3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады; 4) шыны шөлмектерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады. Сұрыптап алынған орман тұқымдар үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады. Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орман тұқымдарының орташа үлгісінің он мәрте массасына сәйкес келеді. Бастапқы үлгіден орман тұқымдары партиясының сапасын анықтау үшін бір орташа үлгіні бөліп алады. |
3. | Орман тұқымдарының орташа үлгісін бөліп алу | Орман тұқымдарының орташа үлгісін бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ орман тұқымдары үшін қалыңдығы 3 сантиметр дейін және ірі орман тұқымдар үшін 10 сантиметрден астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 үшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан үшбұрыштан орман тұқымы алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді. Бөлуді белгіленген массаның орташа үлгісін алғанға дейін жүргізеді. Орман тұқымдарының сұрыптап алынған орташа үлгісін алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаға салады, кендір жіппен байлап, орман тұқымы сапасын анықтау үшін паспортын, заттаңбасын және орташа үлгілер сұрыптау актісін қосып, уәкілетті органның мамандандырылған ұйымына жөнелтеді. Қалыптастырылған партиялардан орман тұқымдарының орташа үлгілерінің дұрыс сұрыпталуына бақылау жасау мақсатында бақылау үлгілері сұрыптап алынады, оларды талдау нәтижелері бойынша орман тұқымдарын дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Мемлекеттік бақылау» деген белгісі бар орман тұқымы сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген орман тұқымы сапасы туралы құжаттар мемлекеттік бақылау үлгілерінің сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады. |
4. | Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгілер құрау | Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі орман тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды. Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа салады, оны орман тұқымдары әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сүргіш, балауыз немесе парафин құяды. Орман тұқымдарының орташа үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5 дециметр3 қапқа салуға болады, қаптың жиектері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді. |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша
Приложение 1 к Правилам проведения охотничьего минимума республиканской ассоциацией общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства
Форма
_______________________________________________________ Сертификатты берген ұйымның атауы Наименование организации выдавший сертификат СЕРТИФИКАТ №_____ аңшылық минимум курсын аяқтау туралы об окончании курса охотничьего минимума Тестілеуді тапсыру туралы 201___жылғы «___»______ №_____ хаттама Протокол о сдаче тестирования №________от «________» 201____года Выдан:___________________________________________________берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Жауапты тұлға:___________________________________________________ Ответственное лицо: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Қолы/Подпись:__________________________ Мөр орыны/Место печати:________________ 201____ жылғы «_____»__________________ Сертификат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи |
---|
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесіне 5-қосымша
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________ Сертификатты берген ұйымның атауы Наименование организации выдавший сертификат СЕРТИФИКАТ №_____ аңшылық минимум курсын аяқтау туралы об окончании курса охотничьего минимума Тестілеуді тапсыру туралы 201___жылғы «___»______ №_____ хаттама Протокол о сдаче тестирования №________от «________» 201____года Выдан:___________________________________________________берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Жауапты тұлға:___________________________________________________ Ответственное лицо: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Қолы/Подпись:__________________________ Мөр орыны/Место печати:________________ 201____ жылғы «_____»__________________ Сертификат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи |
---|
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Оқу курсын аяқтау және аңшылық минимумды тапсыру туралы сертификаттарын тіркеу журналы ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)
р/с № |
Аңшының тегі, аты, әкесінің аты | Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы | Аңшы куәлігінің нөмірі, берілген күні | Алғаны туралы қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы
_____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мөр орыны
«____»____________________20___жыл
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен