Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 401 бұйрығына
1-қосымша
«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 21.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сертификатты беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеуді жүргізеді және басшыға қарауға береді. Басшылық бөлім басшысына қарар береді. Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 1 (бір) жұмыс күні;
2) жауапты орындаушы құжаттар пакеті толық болмаған кезде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және келісу үшін бөлім басшысына енгізеді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы құжаттар пакеті толық болған кезде Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды. Сәйкессіздік анықталған кезде сертификатты беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және келісу үшін бөлім басшысына енгізеді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар сәйкес/сәйкес емес кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталға енгізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына және бөлім басшысына қол қоюға жібереді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі: