Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 401 бұйрығына
2-қосымша
«Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 21.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішті немесе электрондық сұратуды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеуді жүргізеді және басшыға қарауға береді. Басшылық бөлім басшысына қарар береді. Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 1 (бір) жұмыс күні;
2) жауапты орындаушы құжаттар пакеті толық болмаған кезде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және келісу үшін бөлім басшысына енгізеді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы құжаттар пакеті толық болған кезде Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды. Сәйкессіздік анықталған кезде сертификатты беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және келісу үшін бөлім басшысына енгізеді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар сәйкес/сәйкес емес кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталға енгізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына және бөлім басшысына қол қоюға жібереді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі: