• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығына 3-қосымша

«Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 жылғы № 160 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2017 жылғы № 856 Бұйрығына  сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі – Комитет, Комитеттің аумақтық бөлімшелері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішті немесе электрондық сұратуды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) қағаз тасығышта өтініш келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МҚСБЖ АЖ) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді. Басшылық бөлім басшысына қарар береді. Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
2) жауапты орындаушы өтініштің толықтығын және дұрыс толтырылуын анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша сыртқы кешенді бағалау жүргізу күні және тартылатын сарапшылар туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер МҚСБЖ АЖ-не енгізіледі, ұсынылған өтініш сәйкес болмаған жағдайда Стандарттың 9-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында өтінішті қараудан бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі, сараптау топтарының құрамы бойынша бұйрық жобасын қалыптастырады және басшыға бекітуге енгізеді – орындалу мерзімі 10 (он) жұмыс күні;
4) жауапты орындаушы медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізудің бекітілген кестесін МҚСБЖ АЖ-ға тіркейді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы МҚСБЖ АЖ-да өзін өзі бағалау нәтижелерін енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушыларға логиндер мен парольдер береді, орындалу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні;
6) жауапты орындаушы медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізу үшін сарапшыларға логиндер және парольдер береді, орындалу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні;
7) сараптау тобы МҚСБЖ АЖ-ға медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін енгізеді, орындалу мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні;
8) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындайды және аккредиттеу жөніндегі комиссияға қарауға енгізеді. Хатшы ретінде қатысады, отырыс хаттамасын ресімдейді, орындалу мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы және медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау қорытындылары бойынша куәлік беру не куәлік беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, орындалу мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні;
10) жауапты орындаушы медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау қорытындылары бойынша бұйрықтың жобасын ресімдейді және басшылыққа бекітуге енгізеді, орындалу мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні;
11) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін МҚСБЖ АЖ-ға енгізеді, басқарма басшысына және басшылыққа қол қоюға жібереді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Қайта ресімдеу кезінде:
Көрсетілетін қызметті алушы расталған құжаттармен қоса тіркелген өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қағаз тасығышта береді немесе тиісті жолақтарды толтырып және көрсетілетін қызметті алушының атауының немесе ұйымдастыру-құқықтық нысанының өзгергенін растайтын құжатты қоса тіркеп, портал арқылы электрондық нысанда өтініш береді.
1) Комитет кеңсесінің қызметкері барлық қажетті ақпаратты МҚСБЖ АЖ-ға енгізе отырып, қағаз тасығышта алынған өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберед. Басшылық бөлім басшылығына қарар береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылуын айқындайды. Құжаттар пакеті толық емес кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және келісу үшін басқарма басшысына енгізеді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы құжаттар пакеті толық болған кезде куәлік беру туралы бұйрықтың жобасын қалыптастырады, басқарма басшысына келісуге және басшылыққа бекітуге енгізеді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
4) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін МҚСБЖ АЖ-ға енгізеді, қол қоюға басқарма басшысына және басшылыққа жібереді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
1) ӘҚНЖК нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) жауапты орындаушыны белгілеу;
3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау;
4) медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі және сараптау топтарының құрамы бойынша бұйрық жобасын қалыптастыру және басшыға бекітуге енгізу;
5) медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу және бағалау нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізу;
6) аккредиттеу жөніндегі комиссия қарауы үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындау;
7) басшылықтың куәлікті беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдап, осы шешімді МҚСБЖ АЖ-ға енгізуі. Шешімді бұйрық түрінде ресімдеу;
8) Комитет басшысының бұйрығы негізінде электронды форматта куәлікті не куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдеу;
9) куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы уәжді жауапты электронды форматта порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберу не электронды форматта ресімделген куәлікті немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты басып шығару және қолма-қол беру.
3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) жауапты орындаушы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
4) басқарма басшысы;