• Мое избранное
Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына 1-қосымша

Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензияны беру - 2 (екі) жұмыскүні;
2) қайта ресімделген лицензияны беру - 2 (екі) жұмыскүні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу (бұдан әрі - лицензия), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздерде дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды:
1) лицензияны беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы алты еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі алым мөлшерлемесінің 10% -ын құрайды.
Тіркеу алымының сомасын бюджетке төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
9. Мемлекеттік қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес не 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 5-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, лицензия туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы растауды көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салса негіз болып табылады.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе электрондық түрде не қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
Шағымның қабылдағанын растау нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады (жеткендігі, тіркелгендігі, орындалуы туралы белгілер, қаралғандығы немесе қараудан бас тартуы туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ, ниеті бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;