• Мое избранное
Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына 3-қосымша

«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 06.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі) (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру – 2 (екі) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі басып шығарылады.
Куәліктің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (16.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Жылжымалы құрам кепілін жылжымалы құрамның тіркелген кепілінің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын, мемлекеттік тіркеу үшін алым жергілікті бюджетке тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі және тәртібі бойынша төленеді және мыналарды:
жеке тұлғалар үшін – 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
заңды тұлғалар үшін – 5 (бес) АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе  «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
1-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауымен жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
2) ЕДБ-де - ЕДБ-нің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.11.2017 жылғы № 792  Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы Стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді;
2) ЕДБ-де:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЕДБ қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;
тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
ЕДБ-де құжаттарды қабылдауды және электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады;
3) порталда:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес кепіл берушінің және кепіл ұстаушының ЭЦҚ қол қойылған хабарлама нысанында өтініш;
портал арқылы өтінішті жолдаған кезде жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тоқтату үшін өтініш беруші не өтініш берушінің уәкілетті өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабына сәйкес құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, осы стандартқа 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 жылғы № 465 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)17.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тарту үшін:
1) егер кепілдік туралы шартта кепілдік нысанасы және оның бағасы, мәні, кепілдікпен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді орындау көлемі және мерзімі көрсетілмесе, сондай-ақ кепілдікке қойылған мүліктің тараптардың қайсысында екені және оны пайдалануға қолжетімділік туралы нұсқау қамтылмаса;
2) кепілді тіркеу туралы өтініш осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес келмесе;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті адам жүгінбесе;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымды бюджетке төлегенін растайтын құжат болмаса негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді;
10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсету шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
11-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Жазбаша және поштамен келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылдауын растауы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
11-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 962 Бұйрығына сәйкес (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде;
Мемлекеттік корпорацияның - www.con.gov.kz интернет-ресурстарда орналастырылған.
14-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.
«Жылжымалы құрам кепілін
 мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
 көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
 _________________________________________________ тіркеуші органның атауы
 Өтініш № _____
Кепіл беруші
  Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болғанда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.), тұрғылықты жері, туған күні;заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: _______________________________________________________________________________________Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№________________________________________ берген, берілген күні ____________(құжатты берген органның атауы)Почталық мекенжайы, телефон, электронды мекенжай (болған кезде) ________________________________________
  Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________
  _______________________________________________ атынан әрекет етеді
  (уәкілетті өкілдің деректемелері)
  ______________________________________________________________________________
негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы
  Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: _______________________________________________________________________________________Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№________________________________________ берген, берілген күні ____________(құжатты берген органның атауы)Пошталық мекенжайы, телефон, электронды мекенжай (болған кезде) ________________________________________
  Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________
  _________________________________________________атынан әрекет етеді
  (уәкілетті өкілдің деректемелері)
  _____________________________________________________________________ негізінде
  (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: ______________________________________________________________________________________Шарттың жасалған күні______________________________________________Шарттың жасалған орны______________________________________________Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)_________________________________________________________________________Кепілге салынған мүліктің құны ____________________________________Шарттың қолданылу мерзімі _________________________________________Кепілге салынған мүлік____________________________________________________ кепіл берушінің___________________________________________________ кепіл ұстаушыныңиелігінде және пайдалануында қаладыПайдалануға болатыны: Иә, ЖоқҚайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә, Жоқ (керек емесін сызып тастаукерек)Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашанжәне кім берген)1. _________________________________________________________________________________Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Иә, Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
-------------------------------------------------------------------
  Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________
  Өтініш берушінің қолы: ____________________________________________
  Уақыт: _______________ сағат _______________ мин.
  Тіркеушінің Т.А.Ә.А. және қолы ____________________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен сақталынатын мәліметтерді пайдалануға келісемін
 (қолы) Т.А.Ә.А.
 20__жылғы «__» _______
«Жылжымалы құрам кепілін
мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-1-қосымша
Стандарт 1-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2017 жылғы № 249 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
 нысан        
 _________________________________________________ тіркеуші органның атауы
 Өтініш № _____
Кепіл беруші
  Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: _______________________________________________________________________________________Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№________________________________________ берген, берілген күні ____________(құжатты берген органның атауы)
  Телефон, электронды почтаның мекенжайы, (болған кезде) ________________________________________
  Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________
Кепіл ұстаушы
  Жеке тұлғаның Т.А.Ә.А., тұрғылықты жері, туған күні;заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: _______________________________________________________________________________________Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________серия _________№________________________________________ берген, берілген күні ____________(құжатты берген органның атауы)
  Пошталық мекенжайы_________________________________
  телефон _________________________________
  электронды мекенжай (болған кезде) ________________________________________
  Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері _____________________________
  Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: ______________________________________________________________________________________
  Шарттың жасалған күні______________________________________________Шарттың жасалған орны______________________________________________
  Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)_________________________________________________________________________
  Кепілге салынған міндеттеменің ақшалай эквиваленті ____________________________________
  Шарттың қолданылу мерзімі _________________________________________
  Кепілге салынған мүлік____________________________________________________ кепіл берушінің___________________________________________________ кепіл
ұстаушының иелігінде және пайдалануында қалады
Пайдалануға болатыны: Иә, Жоқ
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә, Жоқ (керек емесін сызып тастаукерек)
  Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________
  Кепіл берушінің қолы: ___________________________________________
  Кепіл ұстаушының қолы: ____________________________________________Уақыт: _______________ сағат _______________ мин.
  Тіркеушінің Т.А.Ә.А. және қолы ____________________________________
Кепіл болып табылатын жүк және жолаушы жылжымалы құрамның сипаттамасы және тізбесі

Р/с

Санаты

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күн

Жылжымалы құрамдардың тіркеу туралы мәлімет состава

Иелену құқығының түрі

Куәліктің нөмері

Куәліктің күні

1

2

3

4

5

6

7

8


 


 


 


 


 


 


 


 

Кепіл болып табылатын тартымды-моторвагонды және арнайы жылжымалы құрамның сипаттамасы және тізбесі

Р/с

Санаты

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жылжымалы құрамдардың тіркеу туралы мәлімет состава

Иелену құқығының түрі

Куәліктің нөмері

Куәліктің күні

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 

«Жылжымалы құрам кепілін
 мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.01.2016 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылғы 1 наурызынан бұрын емес) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,     
 аты, болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
 __________________________________________
 (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3)....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә.А. (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері)     (қолы)
Телефон:
Алдым: Т.А.Ә.А./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
«Жылжымалы құрам кепілін
мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.11.2017 жылғы № 792  Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
                 _________________________________________________                            (тіркеуші органның атауы)                                  № _____ Өтініш    Кепіл беруші______________________________________________________   Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру   нөмірі (ЖСН); атауы, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)   ____________________________________________________________________________   ____________________________________________________________________________   Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________сериясы _________№_____________   ___________________________ берілді, берілген күні _________________________   (құжатты берген органның атауы)Почталық мекенжайы,   телефон _________________________________________   Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________________________   ____________________________________________________________________________   атынан әрекет етеді                      (уәкілетті өкілдің деректемелері)   ____________________________________________________________________________   ____________________________________________________________________________        негізінде      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)   Кепіл ұстаушы_______________________________________________________________   Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру   нөмірі (ЖСН) немесе атауы немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі   (БСН) ______________________________________________________________________   Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ________сериясы _________№_____________   ___________________________ берілді, берілген күні _________________________   (құжатты берген органның атауы)Пошталық мекенжайы,   телефон_______________________________________   Кепіл ұстаушының банктік реквизиттері ______________________________________   ____________________________________________________________________________   атынан әрекет етеді     (уәкілетті өкілдің деректемелері)   ____________________________________________________________________________   __________________________________________________ негізінде       (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)   Кепілдің өзгеруін және/немесе толықтыруын немесе тоқтауын тіркеуді өтінемін:   ____________________________________________________________                   (керек емесін сызып тастау)   Тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі   (активтер мен міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде    өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда)    ____________________________________________________________________________       енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы немесе кепілді                                тоқтату негізі   ___________________________________________________________________   ___________________________________________________________________   Кепіл шартына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда:   Шарттың жасалған күні_______________________________________________________   Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы)   ____________________________________________________________________________   Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы__________   Шарттың қолданылу мерзімі __________________________________________   Кепілге салынған мүлік______________________________________________   кепіл берушінің_____________________________________________________   кепіл ұстаушыныңиелігінде және пайдалануында қаладыОны пайдалануға болатыны:   Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)Қайталама кепiл туралы мәлiметтер:   Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)   Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашанжәне   кім берген)1. Төлем туралы құжат: түрі________№____________     ___________сомасына2._______________________________________________________   Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау    керек)Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы және заңды тұлға үшін мөр    (бар болған кезде): ________________________________________________________   Кепіл ұстаушының (өкілінің) қолы және заңды тұлға үшін мөр (болған жағдайда):   _________________________________________________________   Өтініш берілген күн: 20__ жылғы _______________   Өтініш қабылданған күн: 20___ жылғы ___________