Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 324 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қазанда № 12217 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 24.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н.Қасымов _____________
2015 жылғы 28 қыркүйек
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 324 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-48) тармақшасына және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігінің тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігінің тәртібі мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) қоймаларды, аэровокзалдарды (жолаушылар, жүк терминалдарын) ұстау;
Toggle Dropdown
2) өртке қарсы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) әуе кемелері тұратын орындарды, технологиялық жабдықтарды және механикаландыру құралдарын ұстау;
Toggle Dropdown
4) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану базаларының объектілерін ұстау;
Toggle Dropdown
5) арнайы көлікті сақтау, жөндеу және пайдалану орындарын ұстау;
Toggle Dropdown
6) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерін ұстау және өртке қарсы қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
3. Азаматтық авиация ұйымының басшысы азаматтық авиация ұйымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.
Toggle Dropdown
4. Әуе кемелерінде және әуеайлақ объектілерінде өрттен құтқару жұмыстарын орындау үшін азаматтық авиация ұйымының басшысы ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) авариялық-құтқару командаларының құрамына кіретін өрттен құтқару жасақтарын құрады.
Toggle Dropdown
ҰІАҚҚҚ басшысы әуежай объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адам болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Авиаотынмен қамтамасыз ету объектілері ҰІАҚҚҚ кезекші үй-жайы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жергілікті бөлімшесінің тікелей телефон байланысымен жабдықталады.
Toggle Dropdown
6. Инженерлік-техникалық қызметкерлерді және қызметшілерді азаматтық авиация ұйымдарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысуға тарту үшін қажет болған жағдайда ұйымның бірінші басшысының шешімі бойынша өртке қарсы техникалық комиссиялар құрылады.
Toggle Dropdown
Өртке қарсы техникалық комиссиялар туралы ережені азаматтық авиация ұйымдары бекітеді.
Toggle Dropdown
7. Азаматтық авиация ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде (авиациялық-техникалық база, жанар-жағармай материалдарының және радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі) цехтік (объектілік) өртке қарсы техникалық комиссиялар құрылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
1
8. Осы Қағидалар негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық авиация объектілерінде өртке қарсы қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік оқулықты әзірлейді, олар мыналарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді:
Toggle Dropdown
1) қоймаларда және аэровокзалдарда (жолаушылар, жүк терминалдарында);
Toggle Dropdown
2) әуе кемелері тұратын орындарда;
Toggle Dropdown
3) радиотехникалық жабдық және байланыс объектілерінде;
Toggle Dropdown
4) арнайы көлікті, технологиялық жабдықты және механикаландыру құралдарын сақтау, жөндеу және пайдалану орындарында;
Toggle Dropdown
5) авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерінде;
Toggle Dropdown
6) азаматтық авиация ұйымдарының объектілерін өртке қарсы сумен жабдықтау бөлігінде;
Toggle Dropdown
7) азаматтық авиация ұйымы персоналын оқыту, нұсқау беру және жұмысқа рұқсат беру бөлігінде;
Toggle Dropdown
8) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) аумағындағы әуе кемелерінің;
Toggle Dropdown
9) авиациялық техниканың және объектілердің;
Toggle Dropdown
10) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі өзге де мәселелерді реттейді.
Toggle Dropdown
9. Азаматтық авиация ұйымдары осы Қағидалардың және уәкілетті орган бекітетін нұсқаулықтар негізінде жалпы ұйым үшін және әрбір жеке объект үшін жергілікті мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісілген өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы ішкі регламенттерді бекітеді.
Toggle Dropdown
10. Жалпы азаматтық авиация ұйымы үшін және әрбір жеке объект үшін өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы ішкі регламенттерде мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) аумақты, ғимаратты және үй-жайды, оның ішінде эвакуациялау пункттерін ұстауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) әуе кемелеріне қызмет көрсетудің технологиялық процестерін жүргізу, жабдықты пайдалану, өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
Toggle Dropdown
3) жарылыс - өрт қаупі бар, өрт қаупі бар заттар мен материалдарды сақтауды және тасымалдауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
4) темекі шегу, ашық от қолдану және отпен жұмыстар жүргізу орындары;
Toggle Dropdown
5) жанатын заттар мен материалдарды жинауды, сақтауды және жоюды, арнайы киімді ұстауды және сақтауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
6) ауытқу өртке немесе жарылысқа алып келуі мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері;
Toggle Dropdown
7) өрт кезінде объектінің қызмет көрсетуші персоналының әрекеті, оның ішінде:
Toggle Dropdown
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесін шақыру кезектілігі;
Toggle Dropdown
технологиялық жабдықты авариялық тоқтатуды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
желдеткішті және электр жабдығын сөндіруді жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
өрт сөндіру құралдарын қолдану және өртке қарсы автоматты орнату;
Toggle Dropdown
адамдарды, жанатын заттарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
азаматты авиация ұйымының барлық үй-жайларын қарауды және өрт - жарылыс қауіпсіз жағдайына келтіруді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
Жалпы азаматтық авиация ұйымы үшін және әрбір жеке объект үшін өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы ішкі регламенттер үш жылда бір реттен жиі емес, сондай-ақ технологиялық процесс және жұмыс жағдайы өзгерген кезде, ішкі регламенттің негізінде алынған нұсқаулық құжаттар өзгерген кезде және объектіде болған өртті, аварияны және жарылысты талдау негізінде қайта қарауға жатады.
Toggle Dropdown
2. Өрт қауіпсіздігінің тәртібі 1-параграф. Қоймалар, аэровокзалдар (жолаушылар, жүк терминалдарын) ұстау тәртібі
Toggle Dropdown
11. Аумақтар, ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар мен кұрылыстарды бөлетін өртке қарсы бөгеттер, сондай-ақ қоймалар мен аэровокзалдардың (жолаушылар және жүк терминалдарының) үй-жайлары өрт қауіпсіздігінің талаптарына және құрылыс нормаларына жауап беруі тиіс.
Toggle Dropdown
12. Өткелдер, кіреберістер, дәліздер, стационарлық өртке қарсы баспалдақтар, ғимараттардың шатырындағы жанбайтын қоршаулар, баспалдақ торлары, шатыр астындағы үй-жайлар дұрыс жағдайда ұсталады және ештеңемен қоршалмайды.
Toggle Dropdown
2-параграф. Өртке қарсы сумен жабдықтау тәртібі
Toggle Dropdown
13. Әуежай аумағында немесе әуежайдың периметрлік қоршауынан 1 км қашықтықта табиғи су көздері (өзендер, көлдер, тоғандар) болған жағдайда жылдың кез келген мезгілінде өрт сөндіру автомобильдерін қою және су тарту үшін кірме жолдар және пирстер салынады.
Toggle Dropdown
14. Өрт сөндіру резервуарлары, су қоймалары, су құбыры желілері және гидранттар, спринклерлік, дренчерлік және сорғы қондырғылары өрт шыққан немесе тұтанған жағдайда олардың жарамдылық жай-күйі мен үнемі дайындығын қамтамасыз ететін тұрақты техникалық бақылау жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15. Жөндеу жұмыстары жүргізілген немесе өртке қарсы сумен жабдықтау желілерінің учаскелері бөлінген, сорғы станциялары істен шыққан, спринклерлік және дренчерлік қондырғылары ақаулы болған, өрт сөндіру су қоймаларынан су аққан жағдайда азаматтық авиация ұйымының өрт қауіпсіздігіне жауапты адамға хабарланады.
Toggle Dropdown
16. Мүмкіндік болмаған немесе өртке қарсы пайдаланылатын су құбырлары қондырғыларын экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайда, әуежайлардың аумағында өртке қарсы су сыйымдылықтардың (су айдыны, резервуарлардың) саны кемінде екеуді құрайды.
Toggle Dropdown
Өртке қарсы сыйымдылықтардың санына қарамастан, әрбір ауа сыйымдылығында өрт сөндіруге арналған судың жарты мөлшері сақталады.
Toggle Dropdown
Өртке қарсы сумен жабдықтау көзі ретінде жерасты немесе жер үсті сулары пайдаланылады. Мұндай жағдайда жерасты суларын тарту өрт сөндіру қажеттіліктеріі және оны су тасушыға жеткізу үшін қажетті су мөлшерін сенімді алуға кепілдік беруі тиіс.
Toggle Dropdown
3-параграф. Әуе кемелері тұратын орындарды, технологиялық жабдықтарды және механикаландыру құралдарын ұстау тәртібі
Toggle Dropdown
17. Әуе кемелері тұратын орындар:
Toggle Dropdown
1) ЖЖМ қоймаларынан, отын құю тұрақтарынан кемінде 100 метр;
Toggle Dropdown
2) әуе кемелері ангардан 25 метр жақын емес орналасқан және байланыс құралдарымен жабдықталған ангарларды қоспағанда, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасады.
Toggle Dropdown
Әуе кемесі тұратын орындардың айналасындағы аумақ (радиусы кемінде 50 метр) құрғақ шөптен, қоқыстан және жанғыш материалдардан тазартылған, таза ұсталады. Отынның қалдығын және өңделген майды ағызу үшін арнайы сыйымдылықтар, ал пайдаланылған сүрту (ескі) материалдарын жинау үшін тығыз жабылатын қақпақтары бар металл жәшіктер қойылады.
Toggle Dropdown
18. Тұрақтарда әуе кемелерін орналастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың арасындағы ең аз қауіпсіз қашықтық «Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) (бұдан әрі - Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормалары) сәйкес белгіленеді.
Toggle Dropdown
19. Тұрақта тұрған, оның ішінде авиациялық техникалық базаның ангарындағы және ұшақ жөндеу корпусындағы әуе кемелері үнемі жерге қосылуы тиіс.
Toggle Dropdown
20. Әуе кемесінің жерге қосылған құрылғыларын техникалық пайдалану Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
21. Әуе кемелері тұратын орындар, оның ішінде топырақ әуеайлақтарда статикалық электрден қорғану үшін стационарлық жерге қосу құрылғыларымен жабдықталады.
Toggle Dropdown
22. Әуе кемелері тұратын орындарда мыналарға:
Toggle Dropdown
1) жабынға (жерге) отын, май, гидроқоспа және басқа да тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтарды төгуге болмайды. Төгілген жағдайда соңғыларына дереу түрде құм себіледі және жиналады;
Toggle Dropdown
2) темекі шегуге арнайы бөлінген орыннан басқа жерде темекі шегуге;
Toggle Dropdown
3) жұмыс істеп тұрған механикаландырылған құралдар мен технологиялық жабдықтар, сондай-ақ, әуеайлақтағы электрлік қоректену көздеріне қосылған әуе кемелерін қараусыз қалдыруға;
Toggle Dropdown
4) өрт сөндірудің алғашқы құралдарынсыз қозғалтқышты іске қосуға немесе басқа жұмыстар атқаруға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
4-параграф. Радиотехникалық жабдықтар мен байланысты пайдалану базаларының объектілерін ұстау тәртібі
Toggle Dropdown
23. Радиотехникалық жабдықтар мен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) базаларының объектілері жанбайтын едені бар, отқа төзімділіктің II дәрежесінен төмен емес жеке тұрған немесе топтастырылған ғимараттарда орналасады. Топтастырылған ғимараттардағы технологиялық жабдықтар үй-жай өзге үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен немесе кемінде 0,25 сағат шегіндегі отқа төзімді қоршаумен бөлінеді және сыртқа шығатын жеке есігі болады.
Toggle Dropdown
24. Қонуды қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда, қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты қатысуынсыз жұмыс істейтін объектілер өрт болған жағдайда электрлік қоректену көздерін автоматты түрде ажырататын аппаратурамен жабдықталады.
Toggle Dropdown
25. РТЖБП базасы объектілеріндегі үй-жайларда қажетті температураны қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігінің мынадай талаптарын орындаған кезде өнеркәсіпте әзірленетін электр пештерін орнатуға рұқсат етіледі:
Toggle Dropdown
1) үй-жайда қажетті температураны автоматты түрде сақтауды қамтамасыз ететін (жылу температурасын реттеу автоматтары реттелгеннен кейін пломбаны ашпай оларды реттеуді еркін өзгерту мүмкіндігін болдырмау мақсатында пломбалануы тиіс) жабық жылыту элементтері бар электр пештері қолданылады;
Toggle Dropdown
2) электр пештері үй-жайдың ең салқын бөлігіне және жабдықтан кемінде 1 м қашықтықта орнатылады;
Toggle Dropdown
3) жанатын материалдардан жасалған едендер мен қабырғалар жылу оқшаулағыш және электр пеші (грелка) аралығы кемінде 15 см ауа қабатын қамтамасыз ете отырып, электр пеш (горелка) тұрған жерден кемінде қалыңдығы 10 милиметр асбест картоны бойынша қаңылтырмен қоршалады және тығыздалады;
Toggle Dropdown
26. РТЖБП базасы объектілерінің қоршау периметрі бойынша ені 3 метрден кем емес өртке қарсы жолағы, жырту арқылы алшақталатын өсімдік жабыны жырту арқылы жабылады.
Toggle Dropdown
27. Ағаш мачтасы, фидер бағаналары мен кергіш зәкірлері орнатылған жер беті кемінде 1 метр радиуста қазылуы тиіс.
Toggle Dropdown
28. Объектілердегі жанатын материалдардан жасалған кабельдік арналар асбест картоны үстінен табақ қаңылтырмен қапталуы тиіс.
Toggle Dropdown
29. Ғимарат шатырының металл жабындысын, аппаратура корпусын, сымдардың, құбырдың металл қаптамаларын, электр қалқандарының корпусын, трансформаторларды, электр пештерін, өтпелі изолятордың бекіткіш болттары және басқа да стационарлық металл заттар қорғаныш жерге тұйықтағышпен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
30. Генераторлар мен монтаждау сымдары орауыштарын оқшаулау кедергісін кемінде жылына бір рет және жөндеуден кейін өлшеу жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5-параграф. Арнайы көлікті сақтау, жөндеу және пайдалану орындарын ұстау тәртібі
Toggle Dropdown
31. Отынды құюшылар, отын цистерналары, бензин қотарушы станциялар, жылжымалы агрегаттар (сервисерлер), май құюшылар кедергісіз шығуды қамтамасыз ете отырып, ашық алаңдарда, шатыр астында немесе гараждардың оқшауланған үй-жайларында бөлек сақталады.
Toggle Dropdown
32. Оттегі өндіруші және оттегімен зарядтау станциялары басқа автомобильдерден бөлек орналастырылады.
Toggle Dropdown
33. Фекальды сұйықтықтарды, улы немесе инфекцияланған заттарды таситын автомобильдер, сондай-ақ газ отынмен жүретін автомобильдер топтар бойынша бөлек және басқа автомобильдерден жеке орналастырылады.
Toggle Dropdown
34. Жиырма бестен астам автомобильдер немесе арнайы көліктер жинақталған арнайы көлік қызметінде (бұдан әрі - арнайы көлік) өрт кезінде оларды эвакуациялау жағдайын жасау үшін арнайы көлік қызметінің бастығы арнайы көлік орналастырудың, эвакуациялау кезегі мен тәртібі жазылған жоспарды әзірлеп, бекітеді.
Toggle Dropdown
35. Арнайы көлікті орналастыру жоспарында сондай-ақ жүргізушілердің түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі кезекшілік кестесі және оталдыру кілттерін сақтауды жүзеге асыру анықталады.
Toggle Dropdown
36. Арнайы көлік үй-жайын және ашық сақтау алаңын арнайы көлікті тез эвакуациялауға кедергі келтіруі мүмкін заттар мен жабдықтармен жабылуы рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
37. Қызмет көрсетудің оннан астам бекеті немесе жиырма бестен астам автомобиль (немесе арнайы көлікті) сақтау көзделген үй-жайдың кемінде екі қақпасы болуы қажет.
Toggle Dropdown
38. Арнайы көлік тұратын орын он автомобильге бір арқан (штанга) есебімен тіркеме арқан және штангалармен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
39. Гараждарда ұсталық, термиялық, пісіру, бояу, ағаш өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалана отырып, бөлшектер мен агрегаттарды жууға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
40. Арнайы көлікті тұраққа және жөндеуге арналған үй-жайларда, шатыр асты мен ашық алаңдарда:
Toggle Dropdown
1) арнайы көлікті нормадан асатын санда орналастыруға, олардың орналастыру схемасын бұзуға, автомобильдер, арнайы машиналар және ғимарат элементтері арасындағы қашықтықты кемітуге;
Toggle Dropdown
2) арнайы көлікті отын бақтары мен сыйымдылықтарының ашық қақпақтарымен, сондай-ақ жанармай ағып жатқанда сақтауға;
Toggle Dropdown
3) отынды ыдыста ұстауға және арнайы көлікті отынмен жабдықтауға;
Toggle Dropdown
4) тұрақ орындарында жүгі түсірілмеген автомобильді қалдыруға;
Toggle Dropdown
5) ыдысты тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтың астында сақтауға;
Toggle Dropdown
6) шығатын қақпа мен жолды жабуға;
Toggle Dropdown
7) қозғалтқышты, жүйелерді, тораптар мен агрегаттарды ашық отпен (жалынмен, алаумен, дәнекерлегіш шаммен) қыздыруға, сондай-ақ техникалық байқаулар, жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізу кезінде жарық түсіру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
Toggle Dropdown
8) арнайы көлікте май сіңген сүрткіштер мен арнайы киімдерді қалдыруға;
Toggle Dropdown
9) от алдырылған арнайы көлікті қараусыз қалдыруға;
Toggle Dropdown
10) тиісті біліктілігі жоқ адамдарға техникалық қызмет көрсету мен арнайы көлікті жүргізуді тапсыруға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
41. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде мыналарға:
Toggle Dropdown
1) алдын ала тазаламай және жарылыс қаупі бары-жоғы үшін алынған ауа сынамаларын талдаудың дұрыс екені туралы деректі білмей отын цистерналарында немесе резервуарларында қандай да бір жұмысты орындауға;
Toggle Dropdown
2) сенімді түрде жерге қоспай отын құйылған цистерналар немесе резервуарларға жөндеу жүргізуге;
Toggle Dropdown
3) жұмыс сұйықтықтары мен газдар босатып алмай технологиялық жабдықтарды бөлшектеуге кірісуге;
Toggle Dropdown
4) сыйымдылығы отынмен (газбен) толтырылған және маймен толтырылған картерлерді арнайы машиналарды жөндеуге рұқсат етілмейді (ТҚ-1 базалық шасси бактарында отын және қозғалтқыштардың картерлеріндегі май болса да рұқсат етіледі).
Toggle Dropdown
6-параграф. Авиаотынмен қамтамасыз ететін объектілерді ұстау және өртке қарсы қамтамасыз ету тәртібі
Toggle Dropdown
42. ЖЖМ қоймалары мен орталық май құю станцияларынан жалпы желідегі автомобиль жолдарына немесе қоймалардың кіреберіс жолдарына өрт сөндіру автомобильдеріне арналған кемінде екі жол жабдықталады.
Toggle Dropdown
43. Авиаотынмен қамтамасыз ету объектілерінің ғимараттары мен құрылыстары (металл резервуарларды қоспағанда) кемінде II дәрежелі отқа төзімді болуы тиіс.
Toggle Dropdown
44. Автокөлік техникасы қоймаларының аумағына ұшқын сөндіргішсіз кіруге рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
45. ЖЖМ қоймаларының аумағы құрғақ шөптен, түскен жапырақтан, өндірістік қалдықтардан үнемі тазартылады. Төгілген мұнай өнімдері алып тасталады, ал май тамған жерлерге құм себіледі. Жазғы уақытта шөп шабылады және кеппеген күйінде қойма аумағынан тасып әкетіледі. Шабылған шөпті ЖЖМ қоймаларының аумағында кептіруге және сақтауға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
46. ЖЖМ қойма аумағының бос алаңдарында жалпақ жапырақты ағаш пен бұталар егуге, гүлзарлар жасауға рұқсат етіледі, бірақ резервуарлардың сыртқы жағынан кемінде 5 метр қашық болуы тиіс. Қоймалар ағашты жерде орналастырылған кезде олардың айналасындағы аумақ тазартылады жапырақты тұқым радиусы 20 метр, қылқан жапырақты 50 метр және ені кемінде 2 метр минералдандырылған белдеумен көмкеріледі.
Toggle Dropdown
47. Авиаотынмен қамтамасыз ету объектілері аумағында ашық отты - алау жағуға, жарықтандыру үшін факелдер, сіріңкелер, шырақтар, керосин шамдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
48. Авиаотынмен қамтамасыз ететін аумақта, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда темекі тартуға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
49. Темекі шегуге су мен өрт сөндіргіш және урнамен жабдықталған арнайы бөлінген орындарда рұқсат етіледі. Темекі шегуге бөлінген орындарда белгілер мен жазулар ілінеді.
Toggle Dropdown
50. Оталғыш бу мен газ жинақталған аймақтарда жөндеу профилактикалық жұмыстар жүргізген кезде ұшқын шықпайтын аспаптар пайдаланылады. Жабдықтар мақта-мата шүберегімен сүртіледі, синтетикалық маталарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
51. Мұнай өнімдерінің буы мен газы бөлінетін үй-жайлар мен эстакадаларда жұмыс істейтін персоналға темір шеге немесе таға қағылған аяқ киіммен жүруіне рұқсат етілмейді.
Toggle Dropdown
52. ЖЖМ қоймасының ғимараттары мен құрылыстары және орталық май құю станциялары:
Toggle Dropdown
1) найзағайдың тікелей әсерінен;
Toggle Dropdown
2) найзағайдың екінші рет болуынан (электростатикалық және электромагниттік индукция);
Toggle Dropdown
3) жоғары әлеуетті қоқыстан;
Toggle Dropdown
4) статикалық электр пайда болуынан қорғалады.
Toggle Dropdown
53. ЖЖМ қоймалары қүрылыс нормаларының талаптарына сәйкес сумен жабдықтау және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталады.
Toggle Dropdown
54. Әрқайсысының көлемі 5000 м аз резервуары бар қоймаларда өрт сөндіру автомобильдерімен және/немесе өртке қарсы сыйымдылықтардың мотопомпаларымен (резервуарлар немесе ашық жасанды және табиғи су айдындары) өртті сөндіру және суыту үшін су беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте:
Toggle Dropdown
1) өртке қарсы сыйымдылықтардың көлемі (резервуарлардың немесе ашық су айдындарының) өрт сөндірудің есепті кезеңінде су шығынының нормасына сәйкес келуі тиіс;
Toggle Dropdown
2) өртке қарсы ашық су айдындарының көлемі судың ықтимал булануы немесе мұздың пайда болуын ескере отырып айқындалады;
Toggle Dropdown
3) өртке қарсы су қоймалары өрт автомобильдеріне арналған бос кірме жолдармен жабдықталады және ұсталады;
Toggle Dropdown
4) өртке қарсы сыйымдылықтардың саны (су қоймасының, резервуарлардың) екіден кем болмауы тиіс, әр сыйымдылықта өрт сөндіруге арналған су көлемінің жартысы сақталуы тиіс;
Toggle Dropdown
5) өртке қарсы сыйымдылықтарда судың қол сұғылмайтын қорын қалпына келтіру уақыты оны өртте пайдаланғаннан кейін тоқсан алты сағаттан аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
55. ЖЖМ қоймаларында және автоматтандырылған ЖЖМ-де диаметрі кемінде 200 милиметр өртке қарсы су құбыры орналастырылады.
Toggle Dropdown
56. ЖЖМ қоймаларында және орталық май құю станцияларында ауа-механикалық көбікпен өрт сөндіру көзделеді. Өртті сөндіру үшін стационарлық автоматтандырылған өрт сөндіргіштерді, стационарлық автоматты емес өрт сөндіргіштерді және жылжымалы өрт сөндіргіштерді орнату көзделеді.
Toggle Dropdown
57. Өрт сөндіру қондырғыларын қолдану, сондай-ақ оларды тексеру кезеңділігі мен рәсімдері осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген нұсқаулық-әдістемелік құралдарда реттеледі.
Toggle Dropdown
58. Қоймалар аумақтарында өрт кезінде резервуарларды суытудан суды қабылдау үшін пайдаланылатын өндірістік немесе өндірістік - жауын кәріздері көзделеді.
Toggle Dropdown
59. Резервуар паркінің шұңқырлы алаңдарындағы жауын қабылдағыштар қоршау білігін немесе парктің сыртқы қоршауынан (шұңқырлауынан) тыс тұрған орындарды әрекетке келтіретін бекіту құрылғыларымен (жапқыштармен, сырғытпалармен) жабдықталады.
Toggle Dropdown
60. Кәріз желілеріндегі құдықтарда:
Toggle Dropdown
1) 400 м арқылы кәріз магистральдық желісінде;
Toggle Dropdown
2) ғимараттардан шығару орындарында (сорғы станциялары, су төгу, зертханалар);
Toggle Dropdown
3) резервуарлық парк шұңқырлы алаңында - шұңқырлаудан (қоршаудан) тыс орналасқан жауын қабылдағыштардан шығу орындарында;
Toggle Dropdown
4) су құю құрылғылары (темір жол немесе автомобиль цистерналары үшін) алаңдарында орналасқан жауын қабылдағыштардан шығу орындарында;
Toggle Dropdown
5) кемінде 10 метр қашықтықта - мұнай ұстап қалғышқа дейін және кейін кәріз желілерінде биіктігі кемінде 0,25 метр гидравликалық бекіткіштер орнату көзделеді.
Toggle Dropdown
61. Кәріздің жалпы шығу орындарында орталық ұстап қалғыш орнатылады. Орталық ұстап қалғыштан өндірістік ғимаратқа, құрылыстар мен резервуарларға дейін қашықтық кемінде 30 метр, ал сорғы станциялары мен резервуарларға қызмет көрсететін станциялардағы ұстап қалғыштар 10 метр болуы тиіс. Барлық құрылғылар өртке төзімді материалдардан жасалады.
Toggle Dropdown
62. Қосымша су тоқтату арығын пайдалану кезінде:
Toggle Dropdown
1) бөлініп алынған мұнай өнімдерінің жалпы қабатының түзілуіне жол берілмейді;
Toggle Dropdown
2) жиналып қалған қождардың мөлшеріне қатысты арықтарды тазарту жүргізіледі.
Toggle Dropdown
63. ЖЖМ және орталық май құю станцияларында орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзделеді.
Toggle Dropdown
64. Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту мен желдету үшін жылутасығыш ретінде температурасы 130о С-тан аспайтын ыстық су қолданылады.
Toggle Dropdown
7-параграф. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен қамтамасыз
Toggle Dropdown
ету тәртібі
Toggle Dropdown
65. Өрт-құтқару жасақтары Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормаларында көзделген өрт-құтқару техникасымен, өрт сөндіру құрамдарымен, арнайы авариялық-құтқару жарақтарымен жарақтандырылады.
Toggle Dropdown
66. Азаматтық авиация ұйымдарында әуеайлақтың санатына қарай талап етілетін өртке қарсы қорғау деңгейі бойынша өрт машиналарының тактикалық-техникалық сипаттамаларына сәйкес жеке құрамның толық қарулы жасағына ие авиациялық оқиға орнына өрт көлігі құралдарында бір уақытта жеткізілетін өрт сөндіру құрамының нормативтік қоры құрылады.
Toggle Dropdown
Әуеайлақтарды талап етілетін өртке қарсы қорғау деңгейі бойынша санаттау азаматтық авиация Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларымен жүзеге асыру белгіленеді.
Toggle Dropdown
67. Азаматтық авиация ұйымдарының барлық өндірістік қоймалық, көмекші және әкімшілік ғимараттары мен құрылыстары, сондай-ақ жекелеген үй-жайлары мен технологиялық қондырғылар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) қарастырылған бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
68. Азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік және қоймалық ғимараттары мен құрылыстарында және аумақтарында өрт сөндірудің бастапқы құралдарының жиынтығы бар арнайы өрт қалқандары орнатылады. Өрт қалқандары мүмкіндігінше үй-жайдан шығу орындарына жақын, көрінетін және оңай қол жететін орындарда орнатылады. Ұйымдардың аумақтарындағы бір қалқан 5000 м2 алаңға есебімен өрт қалқандарымен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
69. Өрт сөндіру құралдарын айқындау кезінде жанатын заттардың физикалық-химиялық және өрт қаупі бар қасиеттері, олардың өрт сөндіргіш құралдарына қатынасы, сондай-ақ өндірістік үй-жай алаңдары, ашық алаңдар мен қондырғылар есепке алынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Азаматтық авиациясындағы
өрт қауіпсіздігі
қағидаларына
1-қосымша