• Мое избранное
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 621 бұйрығына 1-қосымша

  • 1
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.03.2019 жылғы № 136 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11344 болып тіркелген) бекітілген «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат (бұдан әрі – сертификат) немесе Стандарттың 9-1-тармағында көрсетілген негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдық) басталуына негіздеме қызметті алушының өтінімді, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілетін құжаттарды ұсынуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдық) мазмұны, оны орындаудың жалпы мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінім түскен сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде өтінішті қарайды және оны құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға береді;
4) құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде өтінімді қарайды және оны жауапты орындаушыға орындауға береді;
5) жауапты орындаушы бес жұмыс күн ішінде өтінімді қарайды, сертификациялық тексеру жүргізу үшін өтінім бойынша шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді және оған көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысымен қол қояды:
өтінім бойынша шешім қабылданған сәттен бастап сертификациялық тексеру жүргізу үшін комиссияны құру туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығын ресімдеу және қол қою қамтамасыз етіледі;
6) алты жұмыс күні ішінде сертификациялық тексеру жүргізу және сертификациялық тексеру актісін жасау;
7) сертификациялық тексеру жүргізуді аяқтау бойынша үш жұмыс күні ішінде жауапты орындаушымен сертификаттың рәсімделуі, оған көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысымен немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабынаң қол қою.
6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз ретінде саналатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде өтінімді қабылдау және тіркеу;
2) жауапты орындаушыны анықтау;
3) өтінімді қарастыру және өтінім бойынша жауапты орындаушының шешім қабылдауы не бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу;
4) сертификациялық тексеруді жүргізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығын ресімдеу;
5) сертификациялық тексеру жүргізу және сертификациялық тексеру актісін ресімдеу;
6) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету сертификатын не бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу және қол қою;
7) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету сертификатын не бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
4) құрылымдық бөлімше басшысы;
5) жауапты орындаушы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы.
8. Әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бизнес-процестердің анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. Басқа қызмет көрсетушімен арақатынас, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртіптерінің сипаттамасы
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілген қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүйелігі.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алу процесін сипаттау:
1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен логині мен құпия сөзін (авторландыру процесі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) енгізу;
2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушы туралы нақты деректерді «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен құпия сөзі арқылы тексеру;
3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілетін қызметтерді таңдауы, көрсетілген қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-процесс – электронды үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТ МДҚ АЖ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;
6) 2-шарт – ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің бар екендігін тексеру;
7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректер ЗТ МДҚ жоқ болған жағдайда, деректерді алудың мүмкін еместегі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-процесс – сұрау салу нысанын қағаз нысанда құжаттардың бар екендігі туралы белгі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеу және оларды сұрау салу нысанына бекіту;
9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті өңдеу;
10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қалыптастырылған қызметтің (электронды құжат) нәтижесін алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қолдануымен пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдары диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруы жөнінде
сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бизнес-процестердің анықтамалығы
 
Шартты белгілер:
 
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруы жөнінде
сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы  
 
Шартты белгілер: