Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 06.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2.1. Өтініштерді қабылдау:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші
Toggle Dropdown
2) «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады
Toggle Dropdown
Нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері» арқылы жүзеге асырылады
Toggle Dropdown
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылған.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесімен көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығын және ресімделу дұрыстығын тексереді. Қабылданған өтінішті өтініш бланкісінде тіркеу нөмірін қоя отырып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруші адамдарды есепке алу журналына тіркейді.
Toggle Dropdown
7. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес талон беріледі.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
Toggle Dropdown
1) қалалық (аудандық) ішкі істер органдары көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);
Toggle Dropdown
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – ПД КҚҚБ);
Toggle Dropdown
3) Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД), ҚАІІО бастығы, бастықтың орынбасары не материалды қарау орны бойынша.
Toggle Dropdown
9. Әрбір рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны туралы талондыбереді.
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 7 күн ішінде:
Toggle Dropdown
қабылданған материалдарды тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырады.
Toggle Dropdown
төлем қабілеттілігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалылығы мәніне банк мекемесіне сұрау салуды жолдайды;
Toggle Dropdown
«Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі арналары арқылы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды;
Toggle Dropdown
тексеруді:
Toggle Dropdown
ішкі істер органдарының есептері бойынша;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Жолданған материалдарды мемлекеттік органдармен келісуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) мүдделі органдардан жауаптар алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 10 күні ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытынды не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
4) күнтізбелік 7 күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытындыны не бас тарту туралы дәлелденген жауапты ПД не ҚАІІб бастығы немесе оның орынбасарының бекітуі.
Toggle Dropdown
5) қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде жолданады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
Toggle Dropdown
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы;
Toggle Dropdown
Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері;
Toggle Dropdown
Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
1
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды
тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Toggle Dropdown
1
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды
тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің Анықтамасы
Toggle Dropdown