Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
Редакция 06.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесi азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарды қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен қызметті берушіге өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
6.«Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) қалалық (аудандық) ішкі істер органының (бұдан әрі - ҚАІІО) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;
2) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі –ІІД КҚҚБ) қызметкері;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің (бұдан әрі – КҚҚК) қызметкері;
4) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АӨО» РМК).
9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) бірізділігінің сипаттамасы:
1) құжаттар пакетін қабылдау және тексеру.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген күні көрсетілетін қызметті беруші халықты құжаттандыру және тіркеу жүйесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұрын берілген құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асырады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзінің қатысуымен көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді және жеке қолтаңбасын қоюды жүзеге асырады, тиісті құжатты дайындау үшін формулярды ресімдейді – 30 минут;
Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және талон немесе құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру.
Құжаттар пакетін толық бермеген жағдайда қайтарылады;
2) ресімделген формулярлар 1 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізу үшін электрондық құжаттандыру кезінде ШҚТ ТП «жұмыс орнының» коды арқылы, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде тізілім бойынша КҚҚБ-ға жолданады;
3) КҚҚБ кеңсесінің қызметкері тізілімдер келіп түскен күні оларды тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді – 30 минут;
4) КҚҚБ-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды КҚҚК-ға жолдайды, электрондық құжаттандыру кезінде формуляр «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ШҚТ ТП АЖ) орталық торабына, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде жиынтық тізіліммен жолданады;
5) КҚҚК кеңсесінің қызметкері жиынтық тізілім келіп түскен күні оны тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді – 30 минут;
6) КҚҚД-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды «АӨО» РМК-ға жолдайды;
7) «АӨО» РМК кеңсесінің қызметкері формулярлары бар келіп түскен тізілімдерді тіркейді және оларды құжаттарды дайындау үшін өндіріске береді – 30 мин;
8) дайындалған құжаттар 3 жұмыс күні ішінде КҚҚК-ге қайтарылады;
9) дайын құжаттарды КҚҚК-ның жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде КҚПБ-ға жолдайды;
10) КҚҚБ-ның жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша жолдайды;
11) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, ал көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияда көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері береді» - 20 минут («Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағы);
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1-қосымша және 1-1-қосымшада келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үпроцесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қатысады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаментінің нің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс- қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
1
|
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Мемлекеттік корпорация
|
3
|
Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру
Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру,қызметті алушының қолтаңбасын қою.
Қағаз формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қол қою.
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)
|
Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу
Қызметті алушыға талон немесе құжаттың қабылдануы туралы қолхат беру
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
30 минут
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Мемлекеттік корпорация
|
КҚҚБ
|
КҚҚК
|
3
|
ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚҚБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі.
Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ШҚТ ТП "жұмыс орнының" коды арқылы беріледі.
|
Арызды тіркеу және жауапты орындаушыға беру
|
Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚҚК-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта).
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ШҚТ ТП орталық торабына (КҚҚК) жіберіледі.
|
КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚҚБ-данкеліп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу(қағаз тасымалдағышта)
|
Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру
|
4
|
Тізілім
|
Кіріс тіркеу нөмірі
|
Жиынтық тізілім
|
Кіріс тіркеу нөмірі
|
Жиынтық тізілімді өз қолымен растау
|
5
|
1 жұмыс күн
|
30 мин
|
2 жұмыс күн
|
30 минут
|
3 жұмыс күн
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
«АӨО» РМК
|
КҚҚК
|
КҚҚБ
|
Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге "АӨО" РМК-ға жіберу
|
Формулярлармен бірге келіп түскен тізілімдерді тіркеу
|
Құжаттарды дайындау, оларды формулярлар-мен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің бір данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу
|
Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге ҚАІІб-ға жіберу
|
Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша ҚАІІб-ға жіберу
|
4
|
Ілеспе хат
|
Кіріс тіркеу нөмірі
|
Дайын құжаттар
|
ТізілімдіКҚҚБ-ға жөнелтуге жіберу
|
Ілеспе хат
|
5
|
2 жұмыс күн
|
30 мин
|
3 жұмыс күн
|
1 жұмыс күн
|
1 жұмыс күн
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
1
|
9
|
2
|
ҚАІІб, Мемлекеттік корпорация
|
3
|
Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру
|
4
|
Ілеспе тізілім
|
5
|
10 минут
|
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 1-1-қосымша
Жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс- қимылдың логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
1
|
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Мемлекеттік корпорация
|
Мемлекеттік корпорация
|
3
|
Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру
|
Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, фотоға түсіру, ЭЦҚ растау.
Қағаз формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қол қою
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)
|
Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу
|
Қызметті алушыға өтінімді электрондық тіркеу талонын беру.
Қызметті алушыға формулярдың түбіртегін беру (қағаз формулярда)
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
30 минут
|
30 минут
|
1
|
3
|
4
|
5
|
2
|
Мемлекеттік корпорация
|
КҚҚБ
|
КҚҚҚ
|
3
|
Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ШҚТ ТП «жұмыс орнының» коды арқылы беріледі.
|
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ШҚТ ТП орталық торабына (КҚҚК) жіберіледі.
|
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр «АӨО» РМК-ға жіберіледі
|
4
|
Тізілім
|
Жиынтық тізілім
|
|
5
|
1 күн
|
1 күн
|
1 жұмыс күн
|
1
|
6
|
7
|
2
|
«АӨО» РМК
|
КҚҚК
|
3
|
Құжаттар дайындау, оларды дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу
|
Дайындалған құжаттардың тізілімдерін тіркеу, тізілімді жіберуге қалыптастыру
|
4
|
Дайын құжаттар
|
Жөнелтуге тізілім
|
5
|
4 күн
|
1 күн
|
«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің Анықтамасы