Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 06.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды ресімдеу рәсімін айқындайды
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматандырылмаған.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi арыз иесіне Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамалар беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы.
Toggle Dropdown
5. Қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттердің) басталуына негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қалалық, аудандық, қаладағы аудандық көші-қон кызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының), ішкі істер органдарының кенттік басқармасының (бөлімінің) қызметкері қатысады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, Қазақстан Республикасы азаматының (бұдан әрі – қызметті алушы) тұрақты тіркеу есебі жері бойынша көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көші-қон қызметі бөліністерінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон қызметі инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы жасау тәртібінің сипаттамасы.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
Toggle Dropdown
1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімінің) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);
Toggle Dropdown
2) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) қызметкері;
Toggle Dropdown
3) Полиция департаменті бастығы, бастықтың орынбасары (бұдан әрі - ПД);
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің (бұдан әрі - КҚҚК) қызметкері.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық бірізділігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба және ҚФБ осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдауды және
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Toggle Dropdown
1-нұсқа. Қазақстан Республикасының заматтығына қабылдау, қалпына келтіру және одан шығу мәселелерін қарастыру
Toggle Dropdown
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
|
1
|
Әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны)
|
1
|
2
|
|
2
|
ҚФБ атауы
|
ҚАІІб
|
ҚАІІб
|
|
3
|
Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Арыз берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру
|
Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ға жіберу
|
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)
|
Журналда тіркеу және алғаны туралы анықтама беру
|
Ілеспе хат
|
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
30 минут
|
30 күнтізбелік күн
|
Toggle Dropdown
1-кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
|
1
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
2
|
КҚПБ
|
ҰҚКД
|
ҚСжАЕКБ
|
КҚПБ
|
|
3
|
Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕКБ-ға сұрау салулар жіберу
|
Арыз берушіні арнайы есептер бойынша тексеру
|
Арыз берушіні арнайы есептер бойынша тексеру
|
Материалдарды қалыптастыру, істі КҚҚК-ге жіберу
|
|
4
|
Сұрау салуды жолдау
|
КҚҚБ-ға жауап
|
КҚҚБ-ға жауап
|
Ілеспе хат
|
|
5
|
10 күнтізбелік күн
|
30 күнтізбелік күн
|
10 күнтізбелік күн
|
10 күнтізбелік күн
|
Toggle Dropdown
1-кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
|
1
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
2
|
КҚҚК
|
ПӘ
|
КҚҚК
|
КҚҚБ
|
|
3
|
Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ-ге жіберу
|
Арызды қарау, Президент
Жарлығының жобасын дайындау
|
Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚҚК-ге жіберу
|
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтаманы ресімдейді және іспен бірге анықтаманы ҚАІІб-ге жолдау
|
|
4
|
Ілеспе хат
|
Президенттің Жарлығы
|
Ілеспе хат
|
Ілеспе хат
|
|
5
|
30 күнтізбелік күн
|
30 күнтізбелік күн
|
10 күнтізбелік күн
|
10 күнтізбелік күн
|
Toggle Dropdown
1-кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
|
1
|
11
|
12
|
|
2
|
ҚАІІб
|
ҚАІІб
|
|
3
|
Арыз иесіне арызды қарау нәтижелері туралы хабарлау
|
Бір уақытта ұлттық паспортты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру немесе одан шығару туралы анықтамалар немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлеледі жауап беру
|
|
4
|
Өтініш иесіне хабарлау
|
|
|
5
|
10 күнтізбелік күн
|
10 минут
|
Toggle Dropdown
2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау
Toggle Dropdown
2-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
|
1
|
Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
|
2
|
ҚФБ-ның атауы
|
ҚАІІб
|
ҚАІІб
|
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Арыз иесінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру
|
Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ға жіберу
|
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)
|
Журналда тіркеу және алғаны туралы талон беру
|
Ілеспе хат
|
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
10 минут
|
3 күнтізбелік күн
|
Toggle Dropdown
2-кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
Toggle Dropdown
|
1
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
2
|
КҚҚБ
|
ҰҚКД
|
ҚСжАЕАКБ
|
КҚҚБ
|
|
3
|
Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау
|
Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру
|
Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру
|
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру туралы дәлелді қортынды шығару, ІІД басшылығына жіберу немесе мемлекеттік қызмет ұсынуда бас тарту туралы дәлеледі жауап енгізу
|
|
4
|
Сұрау салуды жолдау
|
КҚҚБ-ға жауап
|
КҚҚБ-ға жауап
|
Дәлелді қорытынды
|
|
5
|
3 күнтізбелік күн
|
30 күнтізбелік күн
|
15 күнтізбелік күн
|
7 күнтізбелік күн
|
Toggle Dropdown
2-кестенің жалғасы
Toggle Dropdown
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
Toggle Dropdown
|
1
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
2
|
ІІД басшылығы
|
КҚҚБ
|
ҚАІІб
|
ҚАІІб
|
|
3
|
Істің материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту
|
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІб-ге жіберу
|
Арыз иесіне шығарылған қорытынды туралы хабарлау.
Шешім теріс шешілген кезде өтініш иесіне жазбаша түрде дәлелді бас тарту жолдау
|
Бір уақытта ұлттық паспортын алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару туралы анықтама беру
|
|
4
|
Бекітілген қорытынды
|
Ілеспе хат
|
Арыз иесіне хабарлау
|
|
|
5
|
10 күн
|
2 күнтізбелік күн
|
3 күнтізбелік күн
|
10 минут
|
Toggle Dropdown
Пайдалану нұсқалары
Toggle Dropdown
1-нұсқа. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселелерін қарау.
Toggle Dropdown
3-кесте. Негізгі процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Toggle Dropdown
|
Негізгі процестің (жұмыс барысы, ағыны)
|
|
ҚАІІб
|
КҚҚБ
|
|
1. Арыз иесінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру
|
3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау
|
|
2. Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ға жолдау
|
6. Істің материалдарын қалыптастыру және оны КҚҚК-ге жіберу
|
|
11. Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы арыз иесіне хабарлау
|
10. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтаманы ресімдеу және анықтаманы іспен бірге ҚАІІб-ге жолдау
|
|
Бір уақытта ұлттық паспортты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтама беру
|
|
|
|
|
|
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)
|
|
|
|
ҰҚКД
|
ҚСжАЕАКБ
|
|
4. Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру
|
5. Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру
|
|
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)
|
|
КҚПД
|
ПӘ
|
|
7. Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ жолдау
|
8. Арызды қарау, Президент Жарлығының жобасын дайындау
|
|
9. Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚҚБ-ге жолдау
|
|
Toggle Dropdown
2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау
Toggle Dropdown
4-кесте. Негізгі процесс- жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Toggle Dropdown
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)
Toggle Dropdown
|
ҚАІІб
|
КҚҚБ
|
ПД басшылығы
|
|
1. 1. Арыз иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру
|
3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау
|
7. Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту
|
|
2. Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ге жолдау
|
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау
|
|
|
9. Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы арыз иесіне хабарлау
|
8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІб-ге жолдау
|
|
|
10. Бір уақытта ұлттық паспортты алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама беру
|
|
|
|
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)
|
|
ҰҚКД
|
ҚСжАЕКБ
|
|
4.Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру
|
5.Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру
|
Toggle Dropdown
5-кесте. Балама процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру туралы теріс шешім қабылдау
Toggle Dropdown
|
Балама процесс (жұмыс барысы, ағыны)
|
|
ҚАІІб
|
КҚҚБ
|
ІІД басшылығы
|
|
1. Арыз иесінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру
|
3. Іс материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ге сұрау салулар жолдау
|
7. Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы қорытындыны бекіту
|
|
2. Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ге жіберу
|
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қортынды шығару, ІІД басшылығына жіберу
|
|
|
9. Арыз иесіне шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау.
|
8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІб-ге жіберу
|
|
|
10. Арыз иесіне жазбаша түрде дәлелді бас тарту жіберу
|
|
|
|
Негізгі процесс (жұмыс ағыны, барысы)
|
|
ҰҚКД
|
ҚСжАЕАКБ
|
Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдауды және
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызметінің регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтығына алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің Анықтамасы
Toggle Dropdown
Бірінші нұсқа: Қазақстан Республикасының азаматтығына алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Екінші нұсқа нұсқа: Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды тіркеу
Toggle Dropdown
