Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 06.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы «терезе» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
6. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берген Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) он минут ішінде орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруі;
Toggle Dropdown
2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі;
Toggle Dropdown
3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністерімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін орындаушының өтінішті жолдауы;
Toggle Dropdown
5) 1 жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
Toggle Dropdown
6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы;
Toggle Dropdown
7) босқынның куәлігін төрт күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
Toggle Dropdown
3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;
Toggle Dropdown
5) ҰҚКД қызметкерлері.
Toggle Dropdown
10. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсететін рәсімдер (әрекеттер) кезектілігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті келіп түскен күні тіркеу;
Toggle Dropdown
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды қабылдаған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;
Toggle Dropdown
4) орындаушының істерді Комиссия қарауына өңдеуі;
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың және астананың Полиция департаментінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және
ұзарту» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
1. Қызметті алушының құжаттарды жинауы
Toggle Dropdown
2. Құжаттарды қабылдау (көші-қон полициясы қызметкері) --- иә
Toggle Dropdown
3. Арнайы есептер бойынша тексеру (көші-қон полициясы қызметкері)
Toggle Dropdown
4. Комиссияда қарау
Toggle Dropdown
5. Босқын мәртебесін беру туралы қорытынды шығару
Toggle Dropdown
6. Қабылданған шешім туралы хабарлау
Toggle Dropdown
7. Босқын мәртебесін беруде бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдану
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және
ұзарту» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы
Toggle Dropdown