• Мое избранное
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына 1-қосымша

«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.10.2019 жылғы № 809 Бұйрығына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) бекітілген «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электронды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекеттің) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам) 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды;
2) қайта рәсімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының Стандартқа сәйкестігін қарайды, қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам) 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.
3) көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды және қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам) 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.
6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі:
1) басшының бұрыштамасы;
2) жауапты орындаушыны тағайындау;
3) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту;
4) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешімді рәсімдеу;
5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттің) бірізділігінің сипаттауы:
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының қарауына беруі 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасы басшысының орындауына тапсыруы 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасы басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысын тағайындауы 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары топтамасының толықтығын тексеруі:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын жолдайды;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолдайды;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттардың Стандартқа сәйкестігін тексереді және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауабын 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ресімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасы басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) сағат ішінде келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) сағат ішінде келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне 1 (бір) сағат ішінде қол қояды.
2) қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарының қарастыруына тапсыруы 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына тапсыруы 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысын тағайындауы 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары топтамасының толықтығын тексеруі:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын жолдайды;
ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, құжаттардың Стандартқа сәйкестігін тексереді, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісуі 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісуі 1 (бір) сағат ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оны алмастыратын адамның) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы 1 (бір) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды және қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқармасының басшысы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келіседі;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оны алмастыратын адам) 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-әрекеттерінің блок-сызбасында берілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) кезектілігінің сипаттамасы.
1) көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) кезектілігін сипаттау:
1-рәсім – мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МД АЖ) көрсетілетін қызметті берушінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – логин және пароль арқылы ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсім – ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
4-рәсім – электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ) жіберу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – құжаттардың электрондық нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсім – сұрауды ЕЛ МД АЖ-да тіркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтерді өңдеу;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта рәсімдеу шарттарына, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) кезектілігін сипаттамау:
1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының құпиясөзін енгізуі (авторизациялау рәсімі);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсім – порталмен көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсім – қызметті электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлеу, одан кейін бұл ақпарат ЕЛ МД АЖ-ға түседі;
2-шарт – мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін төлем фактісін ЕЛ МД АЖ-да тексеру;
5-рәсім – ЕЛ МД АЖ-да қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты, сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – сұрауды куәлландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтанбасының (бұдан әрі – ЭСҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
8-рәсім – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауын өңдеу;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру/қайта ресімдеу үшін шарттарына, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
10-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МД АЖ-да құрылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.
Көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2 және 3-қосымшаларда берілген.
«Жарылғыш және пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды (азаматтықты
қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің блок-сызбасы
 
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен
олар қолданылып жасалған бұйымдарды
(азаматтықты қоспағанда) әзірлеу,
өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы
 
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен
олар қолданылып жасалған бұйымдарды
(азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылатын ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы