• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына 7-қосымша

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 08.02.2016 жылғы № 166 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру «электронды үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық түрде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 6 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің маманымен тіркеу және оны Басқарма басшысына жіберу;
2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;
3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшысының) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді ресімдеуі және оны қол қою үшін қызмет берушіге тапсыруы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) бас сарапшысы (сарапшы).
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 6 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
10. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.
1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің ЕЛ МД АЖ логин мен парольдi (іске қосылу рәсімі) енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын ЕЛ МД АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МД АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрау салуды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтердi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушінің көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдерi (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (авторлау процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталда көрсетiлетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық нысанда бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою); 
6-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және біліктіліктеріне сәйкестігін тексеру.
8-рәсім - көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген.
«Өнімді Қазақстан Республикасының 
аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге 
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы
 
«Өнімді Қазақстан Республикасының 
аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге 
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 2-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
 
«Өнімді Қазақстан Республикасының 
аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге 
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы