• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына 8-қосымша

«Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Осы Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 08.02.2016 жылғы № 166 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтiнiштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық / қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 26 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимыл) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимыл) орындауды бастау үшін негіздеме болады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған қажетті өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының порталда тіркеуі және оны Басқарма басшысына жіберу;
2) Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) Басқарма басшысының тапсырма тағайындауы;
3) Басқарманың бас сарапшысының (сарапшы) экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсатты ресімдеуі және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) Басқарма басшысы;
4) бас сарапшысы (сарапшы).
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде порталда көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді және Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына жібереді;
2) Басқарма басшысы 15 минут ішінде өтнішті қарайды және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшыға) орындау үшін жібереді;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған қажетті құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттарды алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 26 жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шартына сәйкестігін қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Басқарма басшысына алдын ала келісуге енгізеді;
5) Басқарма басшысы 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Басқарма басшысы келіскеннен кейін 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) өзара іс-қимылының блок-схемасында берілген.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің, көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн өңдеу ұзақтығының сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау тәртiбiнің сипаттамасы:
1-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ) логин мен парольді (авторландыру процесі) енгізеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетiлетін қызметті алушының деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық үкiмет шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетiлетін қызметті алушының деректерi туралы сұрауды «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) жiберуі;
1-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да бар болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДҚ/ЗТ МДБ-да жоқ болуына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады;
2-шарт – өтініштің дұрыс толтырылуы және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ тізбесіне сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы;
7-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беруі.
8-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың тізімін енгізуі, құжаттардың көшірмесін түсіруі, оларды сұрау нысанына бекітуі және көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын, сондай-ақ құжаттардың тұпнұсқаларын (көшірмелерін) өзіне қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыруы;
9-рәсім – Мемлекеттік корпорация қызметкерiнің көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің АЖ берген штрих-коды бар қолхатты беруі;
10-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттар топтамасын «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ЕЛ МД АЖ) ЭҮШ арқылы өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгін қарастыру, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн жолдау үшін жібереді;
мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар мен ақпараттардың тізбесі «Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен айқындалған.
11-рәсім - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алуға арналған қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беруі;
2) көрсетiлетiн қызметті алушының өтiнiшiн Мемлекеттік корпорацияда өңдеу ұзақтығы – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесiнің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
1) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу тәсiлi – Мемлекеттік корпорацияда қолма қол;
2) мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесiн алу процесiнің ұзақтығы – 15 минуттан аспайды;
3) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәртiбi:
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш бланкісінің-қолхаттың жыртылмалы талонының негізінде онда көрсетілген мерзімде, жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жүгінеді;
2-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу үшін көрсетілетін қызметті алушыдан штрих-коды бар қолхатты қабылдайды;
3-рәсім – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті алушыға алғандығы туралы белгі қойғыза отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн береді.
Көрсетілетін қызметті алушының кінәсінен мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады.
12. Портал арқылы мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушының жүгiну және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) бірізділігі тәртiбiнің сипаттамасы.
1) көрсетiлетін қызметті берушiнің рәсiмдерi (iс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн көрсетілетін қызметті берушінің ЕЛ МД АЖ логин мен парольдi (іске қосылу рәсімі) енгiзуi;
1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінiң тiркелген қызметкерi туралы деректердiң түпнұсқалығын ЕЛ МД АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
2-рәсiм – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерiнiң деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны ЕЛ МД АЖ-да қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетiлетін қызметті беруші қызметкерiнiң көрсетiлетін қызметті алушы деректерiн енгiзуі;
4-рәсiм – электрондық үкiмет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДБ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЖТ МДБ) жiберу;
2-шарт – көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті беруші деректерiнiң ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-рәсiм – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгiсi бөлiгiнде сұрау нысанын толтыру;
7-рәсiм – сұрауды ЕЛ МД АЖ-да тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да көрсетілетін қызметтi өңдеу;
8-рәсiм – көрсетiлетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының рұқсат беру шарттарына және талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
9-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
2) көрсетiлетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібінің және рәсiмдерi (iс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1-рәсiм – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн Порталда көрсетiлетін қызметті алушының парольді енгiзуі (іске қосу процесi);
1-шарт – логин (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы Порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;
2-рәсiм – Порталмен көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұраныс салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, нысанның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеріп, оны толтыруы (деректерді енгізу);
4-рәсiм – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
5-рәсiм – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
6-рәсiм – ЕЛ МД АЖ-да электронды құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МД АЖ-да сұрауды өңдеу;
7-рәсiм – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетiлетін қызметті алушының экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру шартарына және талаптарына сәйкестігін тексеру.
8-рәсім - көрсетiлетін қызметті алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Көрсетiлетін қызметті берушi арқылы мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы, және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламентке 3, 4-қосымшаларда келтірілген.
«Экспорттық бақылауға жататын 
өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 1-қосымша
Қызметкерлер рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділік анықтамасы
 
«Экспорттық бақылауға жататын 
өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
 
«Экспорттық бақылауға жататын 
өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 3-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы
 
«Экспорттық бақылауға жататын 
өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде тартқан ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы