"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11599 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (16.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 16.02.2016 жылғы № 195 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (16.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2. "Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 103 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9396 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығына 5-қосымша
Осы Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкімет»веб-порталы (бұдан әрі-портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: келіссөздердің басталу күні туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № № 521 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген) 10 – тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі-стандарт).
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі-құжаттар) беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы 15 минут ішінде электрондық өтінімді немесе өтініш тіркеуі және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беруі;
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде, қызметті беруші өтінішті немесе өтінімді қабылдаудан бас тартады;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құрылымдық бөлімшені – 1 (күнтізбелік) күні ішінде анықтауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) – 1 сағат ішінде анықтауы;
4) жауапты орындаушының өтінішті немесе өтінімді белгіленген талаптарға сәйкестігін 20 ( күнтізбелік) күні ішінде қарауы;
бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы 5 (күнтізбелік) күн ішінде келіссөздердің басталу күні туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) ресімдеуді және оны құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге береді;
5) құрылымдық бөлімшенің басшысы хабарламаны – 1 (күнтізбелік) күні ішінде келіседі;
6) жауапты орындаушы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды құрылымдық бөлімшенің басшысымен келіскеннен кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына 1 сағат ішінде келісуге береді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға– 1 (күнтізбелік) күні ішінде қол қояды ;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны жіберуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының өтінішті қарауы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы;
4) хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінін (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) жауапты орындаушы.
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде өтінімді тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 1 (күнтізбелік) күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды және жауапты орындаушыға береді;
4) жауапты орындаушы 20 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, хабарлама берілген жағдайда, 5 (күнтізбелік) күні ішінде хабарламаны ресімдейді, стандартта көзделген бас тарту үшін негіз болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (күнтізбелік) күні ішінде хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келіседі;
6) жауапты орындаушы хабарламаны келіскеннен немесе бас тартқаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы оны келісуге 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 1 (күнтізбелік) күні ішінде лицензияға немесе бас тартуға қол қояды.
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды жіберуді қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінтіліг, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарың толық сипаттау осы Регламентке 2 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық іс-әрекеттер:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық – цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі-ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-рәсім-көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының парольді порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1 – шарт - порталда тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-рәсім-пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 – рәсім-пайдаланушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және пайдаланушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіту;
6) 4-рәсім - сұранысты куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
8) 5-рәсім-пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмаған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-рәсім-қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) қызмет алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою) ;
10) 7 – рәсім - электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-МДБ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу»;
11) 3 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
12) 8-рәсім-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-рәсім-көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (тіркеу туралы электрондық куәлікті) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. қызметы беруші арқылы қадамдық әрекеттер мындай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) 1-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
2) 1 – шарт-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-рәсім – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
6) 2 – шарт-көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
7) 5-рәсім-ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған жағдайда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-рәсім-құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына тіркеуі;
9) 7-рәсім-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
10) 3 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
11) 8-рәсім-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9 – рәсім-көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінтіліг, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
1 - диаграмма
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
2 - диаграмма
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
Шартты белгілер
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығына 6-қосымша
Осы Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №521 бұйрығымен бекітілген «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензия беру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11606 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық өтінімді ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы 15 минут ішінде электрондық өтінімді немесе өтініш тіркеуі және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беруі;
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде, қызметті беруші өтінішті немесе өтінімді қабылдаудан бас тартады;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құрылымдық бөлімшені – 1 (күнтізбелік) күні ішінде анықтауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) – 1 сағат ішінде анықтауы;
4) жауапты орындаушының өтінішті немесе өтінімді белгіленген талаптарға сәйкестігін 20 ( күнтізбелік) күні ішінде қарауы;
бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы 5 (күнтізбелік) күні ішінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия (бұдан әрі - лицензия) ресімдеуді және оны құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге береді;
5) құрылымдық бөлімшенің басшысы лицензияны – 1 (күнтізбелік) күн ішінде келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға– 1 (күнтізбелік) күні ішінде қол қояды ;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны жіберуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарары;
3) жауапты орындаушыны анықтау;
4) мәліметтердің дұрыстығына өтінішті қарау және лицензияны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды дайындау;
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінін (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) жауапты орындаушы.
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде өтінімді тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 1 (күнтізбелік) күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды және жауапты орындаушыға береді;
4) жауапты орындаушы 20 (күнтізбелік) күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, лицензия берілген жағдайда, 5 (күнтізбелік) күні ішінде лицензияны ресімдейді, стандартта көзделген бас тарту үшін негіз болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде лицензияны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келіседі;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде лицензияға немесе бас тартуға қол қояды.
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды жіберуді қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінтіліг, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы регламентке 1-қосымшағасәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық іс-әрекеттер:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық – цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі-ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады));
2) 1-рәсім-көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының парольді порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1 – шарт - порталда тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-рәсім-пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 – рәсім-пайдаланушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және тұтынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіту;
6) 4-рәсім - сұранысты куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
8) 5-рәсім-пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмаған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-рәсім-қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) қызмет алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
10) 7 – рәсім - электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-МДБ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу»;
11) 3 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
12) 8-рәсім-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-рәсім-көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (тіркеу туралы электрондық куәлікті) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. Қызмет беруші арқылы қадамдық іс-әрекеттер былайша жүзеге асырылады:
1) 1-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі) ;
2) 1 – шарт-"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда "Е-лицензиялау" МДБ АЖ авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-рәсім – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
6) 2 – шарт-көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да болуын тексеру
7) 5-рәсім-ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған жағдайда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-рәсім-құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына тіркеуі;
9) 7-рәсім-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
10) 3 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
11) 8-рәсім-«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9 – рәсім-көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінтілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
1 - диаграмма
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
2 - диаграмма
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
Шартты белгілер
«Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |