Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 10.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру www.egov.kz,www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасынпорталға тапсырған кезден бастап– 5 (бес) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
Toggle Dropdown
2) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) не осы стандарттың 9-1-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Сертификат көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12134 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидаларының 14-тармағына сәйкес 5 жыл мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны және мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
3) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижесінің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны не клиникалық ординатураны (бар болса) аяқтағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
6) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);
Toggle Dropdown
7) мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
9) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
Шет тілде берілген құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аудармасы бар нотариалдық куәландырылған көшірмесі қосымша ұсынылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттардыкөрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде»тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі»;
Toggle Dropdown
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12134 болып тіркелген)көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтеранық емес екендігі және (немесе)сәйкес келмесе;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданутәртібі
Toggle Dropdown
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электронды түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы шағымда өзінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Toggle Dropdown
Шағымның нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (шағымның қаралу барысы, сондай-ақ жауап алу мерзімі мен орны туралы ақпарат алу үшін лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып) көрсетілген талонды бере отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.