Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
«Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 10.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының негізгі жұмыс орны бойынша www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
Toggle Dropdown
2) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты –15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 9-1-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11787 болып тіркелген) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларының (бұдан әрі – № 531 Бұйрық) 8-тармағына сәйкес 5 жыл мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) тиісті біліктілік санатын бере отырып 5 (бес) жыл мерзімге куәлік алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны және мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижесінің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны не клиникалық ординатураны (бар болса) аяқтағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);
Toggle Dropdown
мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
мәлімделген мамандық бойынша біліктілік санатын бере отырып куәліктің не маман сертификатының көшірмесі (бар болса);
Toggle Dropdown
клиникалық практикамен айналысатын адамдарға клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификатының электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Шет тілде берілген құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аудармасы бар нотариалдық куәландырылған көшірмесі қосымша ұсынылады.білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Шет тілде берілген құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аудармасы бар нотариалдық куәландырылған көшірмесі қосымша ұсынылады.кациялау туралы куәліктің көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11787 болып тіркелген)17-тармағына сәйкес бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып мерзімсіз (тұрақты мерзімге) куәлікті алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны және мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
бірінші, жоғары біліктілік санатын бере отырып, бұрын берілген үш мәні бірдей куәліктің (сертификаттың) электрондық көшірмелері;
Toggle Dropdown
жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін құжаттарды тапсыру кезінде соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде 216 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттардыкөрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тапсырған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11787 болып тіркелген)бекітілген талаптарға көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтердің сәйкессіздігі және (немесе)анық емес екені белгіленсе;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданутәртібі
Toggle Dropdown
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым жазбаша түрде пошта бойынша не электрондық түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.