Toggle Dropdown
12
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 03.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
2
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
Toggle Dropdown
1
3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады.
Toggle Dropdown
4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Toggle Dropdown
5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі.
Toggle Dropdown
Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Toggle Dropdown
Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Toggle Dropdown
5-1. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мәртебесі, жалақысының мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті жұмыскерлеріне теңестіріледі.
Toggle Dropdown
6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады.
Toggle Dropdown
1
7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Toggle Dropdown
7-1. Кеңестің жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.
Toggle Dropdown
Кеңес Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Toggle Dropdown
Сот төрелігі академиясын құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Toggle Dropdown
8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.
Toggle Dropdown
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары
Toggle Dropdown
Кеңес өз қызметін тәуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3-бап. Кеңестің өкілеттіктері
Toggle Dropdown
1. Кеңес:
Toggle Dropdown
1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
конкурстың қорытындылары бойынша аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының және кассациялық сот судьясының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
Toggle Dropdown
2-1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау не сайлау мәселелерін қарайды:
Toggle Dropdown
жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Toggle Dropdown
Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Toggle Dropdown
3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды:
Toggle Dropdown
облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
Toggle Dropdown
3-1) аудандық сот төрағасының бос лауазымына сайлау үшін кадр резервінде тұрған адамдардың және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдардың қатарынан кандидатураларды облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына ұсынады;
Toggle Dropdown
3-2) облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдардың қатарынан аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
іріктеудің қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Toggle Dropdown
4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды:
Toggle Dropdown
Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;
Toggle Dropdown
5) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда төрағалардың, сот алқалары төрағаларының және судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымынан босатуды ұсынады;
Toggle Dropdown
Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді;
Toggle Dropdown
5-1) бір жыл мерзім өткеннен кейін судья лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның жұмыс нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді;
Toggle Dropdown
5-2) зейнеткерлік жасқа толғанда судья лауазымында болу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды;
Toggle Dropdown
5-3) Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын жалпы басқаруды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
Toggle Dropdown
6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды;
Toggle Dropdown
8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;
Toggle Dropdown
10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;
Toggle Dropdown
11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;
Toggle Dropdown
11-1) судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін алдын ала келіседі;