Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына
6-қосымша
Toggle Dropdown
«Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 10.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер.
Toggle Dropdown
1. «Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдаужәне нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынын әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) (бұдан әрі –қорытынды) қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынын әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты);
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердін, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты);
Toggle Dropdown
Қорытынды өтініш беруші айқындаған, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
1) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
«гематология» немесе «онкология» мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияның көшірмесі;
Toggle Dropdown
импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің денсаулық сақтау ұйымымен жасалған, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тең түпнұсқалы аудармасы бар, нотариалдық расталған, адамның гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін туыстас емес транспланттауды жүргізу туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін тіркеу функцияларын жүзеге асыратын ұйыммен жасалған, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне теңтүпнұсқалы аудармасы бар, адамның гемопоэздік дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін туыстас емес транспланттауды жүзеге асыру үшін донор іздеу мен оны жандандыруды жүргізу туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
Toggle Dropdown
туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, олардың үлгілерін биологиялық қауіпсіздікке зерттеу нәтижелерінің көшірмесі;
Toggle Dropdown
оның негізінде импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің медициналық ұйымы медициналық қызметтерді көрсететін, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне теңтүпнұсқалы аудармасы бар құжаттың көшірмесі.
Toggle Dropdown
2) диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердін, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердін, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
медициналық қызметке лицензияның көшірмесі;
Toggle Dropdown
импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің денсаулық сақтау ұйымымен жасалған, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне теңтүпнұсқалы аудармасы бар, нотариалдық куәландырылған, медициналық қызметтердің тиісті түрін көрсету туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердін, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердін, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің денсаулық сақтау ұйымымен немесе ғылыми қызметті жүзеге асыратын ұйымымен жасалған, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне теңтүпнұсқалы аудармасы бар, нотариалдық куәландырылған, бірлескен ғылыми қызмет туралы шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
Toggle Dropdown
порталға жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
1) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынын әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін: