Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 305 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардымемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
= red >Редакция 20.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11400 болып тіркелген) «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет өзге де құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің өтінішті мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжат айналым жүйесінде (бұдан әрі – БЭҚАЖ) тіркеуі;
2) өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің авторлық құқық және сабақтас құқықтар басқармасы (бұдан әрі – басқарма) басшысының (не оның міндетін атқарушының) қарауы және басқарманың бас сарапшысына немесе сарапшысына бөліп беруі;