Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 305 бұйрығына
2-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
= red >Редакция 20.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11400 болып тіркелген) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметтің нәтижесін қабылдау және беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлі қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Куәліктің нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №117 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5763 болып тіркелген).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық сұрауын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің порталға түскен электрондық сұрау салуды мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжаттама айналымы жүйесінде (бұдан әрі – БЭҚАЖ) тіркеуі;
2) электрондық сұрау салуды Департаменттің авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – басқарма) басшысының (не оны алмастыратын адамның) қарауы;
3) электрондық сұрау салуды басқарманың бас сарапшысының немесе сарапшысының қарауы;
4) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысы.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының сипаттамасы