• Мое избранное
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 3-қосымша

3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
  • 1
«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 19.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  • 1
4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні мынадай жағдайларда:
заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгергенде;
Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болғанда;
заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылғанында;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
лицензиаттың жүгінуі бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұрған немесе жаңғыртқан кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жаңғыртқан кезде – 10 (он) жұмыс күні.
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарын алған кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және қолданылу мерзімінің өту фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.»;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні мынадай жағдайларда:
заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгергенде;
Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болғанда;
заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылғанында;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
лицензиаттың жүгінуі бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұрған немесе жаңғыртқан кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жаңғыртқан кезде – 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарын алған кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және қолданылу мерзімінің өту фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.»;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электронды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
  • 1
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуға қанағаттандырылған өтініші,лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы шешім, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке лицензиялық алым төленеді:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанында екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүргізіледі.
  • 1
4) порталдың – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (мемлекеттік қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығымен (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
заңды тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. Лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алынбайды;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне құжаттардың электрондық көшірмелері (бұдан әрі – құжаттардың электрондық көшірмелері);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
заңды тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайларында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелері;