1. «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша
«Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарта жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 951 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
1. «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қағамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру – 40 (қырық) жұмыс күні;
авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды жауапты адамның қолымен куәландыралады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 78 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 831 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 871 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 918 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 962 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1006 айлық есептік көрсеткіш;
2 001 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 1057 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі* екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
пайдаланушы сертификатын бастапқы алу үшін:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
3) пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттау талаптарын, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
көрсетілетін қызметті алушының қызмет негізгі орнын;
ұшудыңболжамды түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуді;
ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігісн;
әуе кемелерінің әзірлігн қамтитын ақпараты;
6) ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;
7) мынадай басшылардың және/немесе жауапты адамдардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
сапаны бақыдау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограмм және одан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
сапаны бақылау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі;
8) авиациялық персонал бойынша ақпарат;
9) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
10) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
11) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент);
12) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
13) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
14) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
15) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
16) сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттарының тізбесі;
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылады.
куәлікті кезекті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушы өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пайдаланушы сертификаты, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлік қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Порталға:
куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелерін:
ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемін жүргізілгенін растайтын құжат;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған қызметтің сертификаттау талаптарын, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен мен лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;
мынадай басшылардың немесе жауапты адамдардың тағайындалғанын расстайтын құжаттар:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
сапаны бақылау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін:
ұшуды пайдалану;
ұшу қауіпсіздігі;
ұшуға жарамдылықты қолдау;
авиациялық қауіпсіздік;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары;
2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты мынаны қамтиды:
көрсетілетін қызметті алушы қызметінің негізгі орнын;
ұшудыңболжамды түрлерін;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесін;
ұшуды қамтамасыз етуді;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігін;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
әуе кемелерінің әзірлігі;
түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал жөніндегі ақпарат;
жұмыс түрлері көрсетілген, сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттарының тізбесі;
куәлік телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген куәліктің электрондық көшірмесін қоса берген, еркін нысандағы өтінімі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – Мемлекеттік корпорация кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушідің және (немесе) оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы жазбаша нысанда қабылданады.
Шағымды қабылдаған адаманың тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» туралы ақпарат болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынандай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.
«Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Уәкілетті органның басшысына Өтініш берушінің ЖСН/БСН: __ Өтініш беруші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның банктік деректемелері: ________________________ Өтініш беруші – заңды тұлғаның орналасқан жері (мекенжайы) немесе өтініш беруші – жеке тұлғаның тұрғылықты жері: __________________________ Байланыс телефондары/факсы/ электрондық поштасының мекенжайы, АФТН коды: ________________
Пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған рұқсат алуға өтінім бастапқы рұқсат беру/кезекті рұқсат (қажеттінің астын сызу)
1.__________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы) ________________________әуе кемелерінің негізгі орны әуеайлақтарында (алаңында) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына рұқсат беруді сұраймын.
2. Мәлімделген авиациялық жұмыс түрлері: __________________________________
3. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде ұшу өңірлері: __________________________________________________________
4. Жоспарланған ұшуды бастау күні: _________________________________
5. Басқарушы персонал
Лауазымы |
Тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)., туған жылы, телефоны |
Тағайындау туралы бұйрық |
Білімі |
Маманның сертификаттары (куәліктері) |
6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы
Лауазымы |
Т.А.Ә., туған жылы |
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық |
Маманның куәлігі (медициналық қорытынды) |
Жалпы ұшуы |
Ұшуды және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат беру |
7. Инженерлік-техникалық персонал
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық |
Маманның куәлігі |
Жалпы жұмыс өтілі |
Жұмыстарды орындауға рұқсат беру |
8. Әуе кемелері
ӘК типі және борттық нөмірі |
Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі |
Мемлекет, қала және орналасатын әуежайы |
Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі |
9. Өтініш беруші: сертификаттау рәсімдерін орындауға; сертификаттық талаптарға жауап беруге; азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беруге міндеттенеді. ____________________________________________________________________
Өтініш беруші (Т.А.Ә., қолы)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |