• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген 3-қосымша

«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 951 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1. Жалпы ережелер
1. «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қағамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
ұшуды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) (бұдан әрі - куәлік) беру – 60 (алпыс) жұмыс күні;
ұшуды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген жауапты лауазымды адамның қолымен куәландыралады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мыналардың жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) мынадай құжаттар қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:
көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
жоспарланған ұшулар түрі;
әуе кемелері бойынша деректер;
әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
ұшуды қамтамасыз ету.
3) ұйымдастырушылық құрылымы, штат кестесі;
4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен мамандар жөніндегі деректр;
5) командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;
6) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
7) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;
8) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
9) пайдаланушының басшысы бекіткен әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;
10) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары;
11) халықаралық ұшуларға арналған құжаттар (орындау кезінде);
12) пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
13) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шартының (келісімшартының) көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі бар болса).
Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен куәландырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, ұшуды орындау (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) құқығына куәлікті (куәліктің телнұсқасын), азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Порталға:
куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелерін:
ұйымдастырушылық құрылымы, штаттық кестесі;
ұшуды қамтамасыз ету шарттары;
әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;
халықаралық ұшуларға арналған құжаттар (орындау кезінде);
әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарты (келісімшарты) (жалға алынған әуе кемесі бар болса);
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары;
2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық нысандағы ақпараты:
көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;
көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
жоспарланған ұшулар түрі;
әуе кемелері бойынша деректер;
әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
ұшуды қамтамасыз ету.
ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен мамандар жөніндегі деректер;
командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;
пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көосетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – Мемлекеттік корпорация кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушідің және (немесе) оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдардың, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы жазбаша нысанда қабылданады.
Шағымды қабылдаған адаманың тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» туралы ақпарат болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.miid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынандай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.
«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру
 (жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушы)» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Уәкілетті органның басшысына
 Ұшуға рұқсат алу үшін өтінім
 __________________________________________________________мақсатында (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ішкі (халықаралық) әуе желілерінде ұшуды oрындауға рұқсат алу) ____________________________________________________________________ (өтінiш берушінің толық атауы)
 тексеру жүргізуді өтінемін, ұшуды бастаудың жоспарланған күні ________________________________________________________________________ Өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларының талаптарына жауап беруге және азаматтық авиация саласындағы уәкілеттi органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге мiндеттенедi. ________________________________________________________________________ (басшының лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.), өтініш берушінің (заңды тұлғаның) қолы) ________________________________________________________________________ (өтініш берушінің (жеке тұлғаның) Т.А.Ә., қолы)