Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 24 cәуірдегі
№ 233 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 17.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министірлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
Toggle Dropdown
саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
Toggle Dropdown
cаяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
2) порталда – қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), шетелдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу бір жұмыс уақыты ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Toggle Dropdown
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуді Министрлік жүргізеді.
Toggle Dropdown
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік қайта тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептен алуды облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
Toggle Dropdown
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды, өкілдікті есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі –анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Toggle Dropdown
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама ұсынылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем портал арқылы «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушілер:
Toggle Dropdown
Министрлікте және аумақтық әділет органдарда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияда –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерінен басқа, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Toggle Dropdown
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде,Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
Toggle Dropdown
(жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
Toggle Dropdown
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелері) үш данасы;
Toggle Dropdown
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Toggle Dropdown
Жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
Toggle Dropdown
Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады.
Toggle Dropdown
Табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi,тиiстi тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
Toggle Dropdown
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.