Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
Toggle Dropdown
="red">Редакция 03.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1 Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік корпорация және порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) минут.
Toggle Dropdown
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы анықтама және мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы анықтама.
Toggle Dropdown
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартын 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты береді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушілер:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Toggle Dropdown
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекке тапсырыс беруге болады.
Toggle Dropdown
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға сұрау салу, бұл сұрау салуда берілетін ақпараттың түрі көрсетіледі;
Toggle Dropdown
заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Toggle Dropdown
2) порталға:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгесі көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Toggle Dropdown
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жолданады.
Toggle Dropdown
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметінің мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:
Toggle Dropdown
1) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар не телефондар арқылы: 1414, 8 800 080 7777 мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелер жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы жіберіледі.
Toggle Dropdown
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылдауды растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберіледі, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Шағымпортал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу туралы белгі жасау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.