Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
5-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандарты
Редакция 17.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Әділет Министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттар тапсырылған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияда:
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының неізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша он жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу өтінішті берген кезден бастап бес жұмыс күнінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, филиалдарды, өкілдіктерді есептік тіркеу туралы анықтама не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Көрсетілетін Порталға жүгінген кезде қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама оны алу орны мен күні көрсетіле отырып не электрондық цифрлық қолтанбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе көрсетілетін қызметті беруші «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңның 9-бабына сәйкес тиісті қорытындыны (сараптама қорытындысын) алғанға дейін тоқтатылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - қызмет беруші) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушілер:
Министрлікте және аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті броньдауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
3) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;
5) орналасқан жерін растайтын құжат(орналасқан жері өзгертілген жағдайда);
заңды тұлға мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгірістер мен толықтырулардың мәтіні;
акционерлік қоғамды, оның филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.
1) осы стандартқа сәйкес 1 және 2-қосымшаларға нысандағы өтініш;
2) жаңа редакциядағы жарғының (ереженің), жарғыға (ережеге) қосымшасының электрондық қөшермесі;
3) нақты орналасқан жері (орналасқан жері өзгерген жағдайда) расталған құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасы заңында өзгеше көзделмесе, көрсетілеген қызметті берушізге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация қызметтің нәтижесін бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін оларды көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация сұрау хаты бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
10. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы,Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі;
2) жеке басшы куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе)оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) ұсыну;