• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуын мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына 6-қосымша

«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 27.11.2015 жылғы № 597 Бұйрығымен (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
="red">Редакция 17.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Құжаттардың топтамасы тапсырылған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет Министрлігінің 22.11.2018 жылғы № 1549 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
порталда:
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса беріле отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тапсырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияға:
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттар қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша бес жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
құжаттарды тапсыру үшін күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама қорытындысы) алынғанға дейін тоқтатылады.
Банктердің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүргізеді.
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлар мен заңды тұлғалар бірлестіктерінің таратуылуын мемлекеттік тіркеуді, және тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығаруды облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, заңды тұлғалардың таратылуы, тиісті облыстарда филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару негіздері бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет Министрлігінің 22.11.2018 жылғы № 1549 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет Министрлігінің 22.11.2018 жылғы № 1549 Бұйрығына сәйкес (05.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Порталда жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдік есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық не электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген. 
Тіркеу алымының сомасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартың 2-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. 
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушілер:
Министрлікте және аумақтық әділет органдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсету жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 05.04.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару өтініші (бұдан әрі – өтініш);
2) (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлға органының шешімі;
3) заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың наразылықтар мәлімдеуі тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
Наразылықтар мәлімдеу мерзімі, банкроттық жағдайларын қоспағанда, таратылғаны туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеуі тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі тиіс;
4) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;
5) (ол болған кезде) заңды тұлға мөрінің жойылғаны туралы құжат;
6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
7) құрылтай құжаттары;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қосымша:
табиғи монополия субъектiсi үшін табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмi беріледі;