• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына 7-қосымша

«Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ереже
1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынуды:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі  
4. Мемлекеттік корпорацияда және порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 минут; 
құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мыналар:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;
заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;
заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларынының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар екендігі тану туралы;
құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;
заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы;
көрсетілген күнде тіркелген заңды тұлға туралы;
құрылтай құжаттарына енгізілгенсоңғы өзгерістер туралы;
заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтамалар болып табылады.
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңның 11-бабына сәйкес төменде көрсетілген анықтамалар келесі жағдайларда:
Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар екендігі туралы анықтама мына жағдайларда:
егер заңды тұлға тұлғаның өзі туралы мәліметтерді сұратса;
егер жеке тұлға өзі басшы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса;
егер жеке тұлға өзінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметтерді сұратса;
егер заңды тұлға өзінің басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы мәліметті сұратса;
егер заңды тұлға өзі құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметті сұратса, ұсынылады.
«Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы» анықтама мына жағдайларда ғана:
егер заңды тұлға тұлғаның өзі туралы мәліметтерді сұратса;
егер жеке тұлға өзі басшы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса;
егер заңды тұлға өзі құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді сұратса, ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00 - ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға мүмкін болады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. 
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 485 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес берілген ақпарат түрін көрсете отырып, нысан бойынша «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) порталға:
осы стандартың 2-қосымшаға сәйкес берілген ақпарат түрін көрсете отырып, нысан бойынша «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан электрондық өтініш бойынша анықтама алуға (бұдан әрі - өтініш);