• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына 5-қосымша

«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. 
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат (бұдан әрi – рұқсат) беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық
 бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің)
 iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі – өтінішті) беру негіздеме болып табылады. 
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдардың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің он бес минуттың ішінде тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің Су көлігі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) өтінім тіркелген сәттен бастап стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке күнтізбелік он сегіз күні ішінде өтінішті қарайды;
3) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда өтінішті қарау сәтінен бастап басшымен құжаттарға төрт сағат ішінде қол қоюға рұқсат етіледі;
4) тіркелген рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға оның тіркеген күні беріледі.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының Басқармаға қарау үшін қарары;
3) рұқсатты рәсімдеу;
4) рұқсатқа қол қою
5) рұқсатты беру.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсенің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушісінің басшысы немесе оның орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті беруші КК басшысы немесе оның орынбасары;
4) Басқарма басшысы;
5) жауапты орындаушы.
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігін сипаттау:
1) кеңсе қызметкері тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды он бес минуттың ішінде тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде құжаттарды қарайды және оны Басқарма басшысына береді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде құжаттарды қарайды және оны жауапты орындаушыға береді;
4) жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке күнтізбелік он сегіз күн ішінде өтінішті қарайды;
5) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда өтінішті қарау сәтінен бастап көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары рұқсатқа төрт сағат ішінде қол қояды;
6) жауапты орындаушы рұқсатқа қол қойылғаннан кейін екі сағат ішінде рұқсаттың тіркелуін жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты береді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
 пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының диаграммада көрсетілген:
1) 1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының порталда мемлекеттік қызметті таңдауы, жеке кабинетке кіруі, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының куәлiгiнің телнұсқасын алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қоюы; 
2) 2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ШЭП) арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында және (немесе) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖТ/ЗТ МДҚ) жіберу; 
1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
3) 3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
4) 4 үдеріс - электрондық сұрау салуды «Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы» ақпараттық жүйеде (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) тіркеу;
2 шарт – Ақпараттық жүйе көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеруді жүзеге асырады;
5) 5 үдеріс - 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
6) 6 үдеріс - тіркеу куәліктерін шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына орнатуға сілтемелер берілген тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу.
10. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп
 жүзетiн кемелердiң каботажды
 жүзеге асыруына рұқсат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының диаграмма
Шарттық белгілер
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп
 жүзетiн кемелердiң каботажды
 жүзеге асыруына рұқсат беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне 2-қосымша
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасы