• Мое избранное
Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу
Внимание! Документ утратил силу с 06.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығына 7-қосымша

«Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.08.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес 
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2019 жылғы № 813 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.12.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының xалықаралық кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Портының теңiз әкiмшiлiгiмен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) меншік құқығындағы теңіз кемесі үшін – теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлікті және кемеге меншік құқығы туралы куәлікті беру немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11354 болып тіркелген «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының xалықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі – стандарт) 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту;
2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін – бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті беру немесе стандарттың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-бөлім. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті мен басқа құжаттарды (бұдан әрі – өтінішті) беру негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (iс-қимылдарын) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің он бес минуттың ішінде тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
2) өтініш тіркеген сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің Порт қадағалау және кемелерді тіркеу бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке тоғыз жұмыс күн ішінде өтінішті қарауы;
3) белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда өтінішті қарау сәтінен бастап үш сағат ішінде басшымен куәлікке немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қою;
4) тіркелген куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы көрсетілетін қызметті алушыға оны тіркеген күні беруі.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Басқармаға қарау үшін қарары;
3) куәлікті рәсімдеу;
4) куәлікті беру.
3-бөлім. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
2) Бөлім басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) кеңсе қызметкері.
8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) құжаттар кеңсе қызметкерімен тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып тіркеледі, артынша он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде құжаттарды Бөлім басшысына береді;
3) Бөлім басшысы бір сағат ішінде құжаттарды жауапты орындаушыны анықтап, қарауға береді;
4) жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкесттікке тоғыз жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды;
5) өтінішті қарау сәтінен бастап үш сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда куәлікке немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қояды;
6) жауапты орындаушы куәлікке немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа қол қойылған сәттен бастап екі сағат ішінде оның тіркелуін жүргізеді және тіркелген куәлікті немесе негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапқа көрсетілетін қызметті алушыға береді.
4-бөлім. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызметті үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
3) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттар түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
10. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік кызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетілген.
«Қазақстан Республикасының xалықаралық кеме
 тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамасы