• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығына 2-қосымша

«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 7 тамыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.07.2020 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 03.07.2017 жылғы № 203 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 374 Бұйрығымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.07.2019 жылғы № 207 Бұйрығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 24.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 554-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
1) лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) порталда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, тәулік бойы жүргізіледі, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі порталға:
лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 - қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);
құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған жеке және заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5 - қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі-электрондық сұрау салу);
құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама бейнеленеді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Егер құжаттардың топтамасын толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
10. Мыналар:
1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефон нөмірлері және мекенжай бойынша: mks.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне не мына Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрлік үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы, мына 8 (7172) 740429, 740454 байланыс телефондары бойынша Министрліктің басшылығының атына жолданады.