Toggle Dropdown
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына 1-қосымша
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.11.2015 жылғы № 1112 Бұйрығымен (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 жылғы № 78 Бұйрығымен (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.07.2017 жылғы № 204 Бұйрығымен (26.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.01.2018 жылғы № 13 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.01.2019 жылғы № 6 Бұйрығымен (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 18.04.2019 жылғы № 105 Бұйрығына сәйкес (14.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 24 маусымнан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.07.2019 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (18.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
лицензияны беру – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес төленеді:
1) туристік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;
2) Лицензияны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен астам емес;
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанында не екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу «электрондық үкімет» төлеу шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақыты аяқталған кезде көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 1 қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензия алуға өтініші немесе 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші, электронды құжат түрінде;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде;
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші немесе 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші, электронды құжат түрінде;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ақпаратты мемлекетік ақпараттық жүйесінде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензиядағы қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте рәсімделген, бөлінген заңды тұлғаға лицензияны қайта рәсімдеу заңды тұлғаның келісімі туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлінген нысанда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны электронды құжат түрінде.
Заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде туындаған біреуіне лицензияны қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарға сәйкес қосымша құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі:
Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы;
лицензиялық алымның енгізілмеуі;
өтініш берушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі;
өтініш берушіге қатысты туроператорлық қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың қарызгер – көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау;
көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сай келмеуі (бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде);
егер бұрын лицензия лицензиат заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде басқа заңды тұлғаға рәсімделсе (бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде).
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.