1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 39 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығымен (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған кезден бастап:
1-тармақша өзгертілді ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығымен (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияға - 1 (бір) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 7 (жеті) жұмыс күні (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;
Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» қызмет берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы/тегін көрсетіледі.
1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
2) қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 612-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады
7-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.
7-тармақ төртінші бөлікпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, ата-анасының біреуінің тұрғылықты жері бойынша немесе баланың туған жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) порталда – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8-тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қайтыс болғанын тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш);
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі (бар болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі жоқ болса өтініште себебі көрсетілуі қажет);
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда);
6) сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
7) қайтыс болған тұлғаның әскери билеті (бар болса);

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |