1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына 8-қосымша
«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
бала асырап алуды тіркеу – 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
1-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі ұл (қыз) асырап алу туралы және баланың туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен ұл (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуды тіркеу тегін көрсетіледі.
2) бала асырап алуды тіркегені үшін шетелдік азаматтардан 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 612-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
7-тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы бала асырап алу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) бала асырап алу туралы куәлік (куәлік жоғалған жағдайда өтініште көрсету);
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) баланың туу туралы куәлікті;
5) асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген жағдайлардан басқа);
6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты;
7) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (шетелдіктер үшін);
9) шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариатта куәландырған аудармасын ұсынады.
Бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтама;
3) бала асырап алу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – бала асырап алуды тіркеу туралы анықтама;
4) бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін;
5) өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды;
6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырған сенімхатты ұсынады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқаларын қайтарады.
9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі.
9-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 9-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер:
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің , «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |