1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 39 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
1) Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті берушіге түскен уақыттан бастап 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
2) порталда – құжаттарға апостиль қою күнін, уақытын белгілеу туралы хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «апостиль» мөртабаны бар дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет қарау нәтижелерінің дайындығы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің берілетін күні және жері көрсетіліп, хабарлама жолданады не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсанындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қою үшін әр құжатқа 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 612-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
7-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 12.04.2019 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (05.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – Еңбек заңнамасына сәйкес және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жексенбі және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері апостильдеуге жататын құжаттарды - аумақтық қағида бойынша қабылдайды, Министрлік апостильдеуге жататын құжаттарды – Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорациялары, жеделдетіп қызмет көрсетусіз қабылдайды, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
1-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.12.2018 жылғы № 1576 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 22.07.2019 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес (12.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 30.09.2016 жылғы № 821 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы апостиль қою туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат (шет мемлекеттердің құзыретті мекемесі не өзіне арнайы уәкілеттік берілген тұлға өзінің құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекiтiлген құжаттар тек арнайы куәландырылған рәсімнен өткеннен кейін (заңдастырылған не апостильденген) қабылданады);
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, көрсетілетін қызметті алушы бюджетке төлеген алымның сомасын растайтын құжат (ЭҮПШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Портал арқылы жүгінген кезде:
9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 21.06.2017 жылғы № 766 Бұйрығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостильдеу қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде беріледы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын:
1) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан соң одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға табыс ету үшін бір жұмыс күні ішінде жібереді.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |