«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 қарашадағы № 1049 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 желтоқсанда № 12356 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына («Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6784 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 29 наурыз № 110-111 (26513) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 6 қарашадағы № 1049 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызмет тәртібін айқындайды.
2. Комиссия, құру мақсаты уран мен көмірді қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары және емдік балшықтар кен орындарын іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды қарау болып табылатын, алқалық, консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бекітеді. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдардың өкілдері, өзге де тұлғалар және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
5. Комиссияны төраға, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады.
6. Комиссия қызметін ұйымдастыруды, іс жүргізуді, Комиссия материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтауды жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.
7. Комиссия отырысы Комиссия төрағасымен шақыртылады және қажеттілігіне қарай кем дегенде айына бiр рет өткiзіледi.
8. Отырыстар, егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санынан кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып табылады. Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
9. Ережеде пайдаланылатын терминдер Заңмен айқындалады.
2. Комиссияның міндеті мен функциялары
10. Орталық комиссияның негізгі міндеті пайдалы қазбалардың кен орындарын және жерасты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
11. Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға кен орындарын сынамалы пайдалануды жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымдар жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсынымдар жібереді;
4) жобалау құжаттарында пайдалы қазбаларды барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірлемелерін қарайды.
12. Комиссияның:
1) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыреті шегінде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдарында және мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсынымдар жіберуге;
3) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандар мен әдістер қолдануды ұсынуға құқығы бар.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
13. Жер қойнауын пайдаланушы Комиссияға бір данада қағаз және он бес данада электрондық тасығыштарда Заңда көзделген міндетті сараптамалардың қосымшасы бар жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішін жібереді.
14. Комиссияның жұмыс органы Заңың 64, 65, 66 баптарына сәйкес жобалау құжаттардың барлық қажетті сараптамалары түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жобалық құжаттарды жинаумен, Комиссияның барлық мүшелеріне жобалық құжаттардың электрондық нұсқаларын таратумен айналысады.
15. Комиссияның жұмыс органы Комиссияны өткізу күніне дейін алдын ала жеті жұмыс күні ішінде Комиссияның мүшелері мен жер қойнауын пайдаланушыларды отырыстың өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды.
16. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде уран мен көмірді және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлау және игеру жөніндегі ұсынылатын жобалық құжаттарды бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын хаттама жасалады және Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелерi қол қойады.
17. Комиссия отырысында жобалық құжаттар қарастырғаннан кейін, Комиссияның жұмыс органы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі өкілетті органға жобаның бір данасын қағаз тасығышта сақтауға жібереді.
18. Комиссияның өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді қараудың жалпы мерзімі бес айдан аспауға тиіс.
4. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
19. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы негiзiнде тоқтатады.
2015 жылғы 6 қарашадағы № 1049 бұйрығына қосымша Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеге қосымша
Нысаны
Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияға
___________________________________________ (жобалық құжаттың атауы) жобалық құжатты қарауға арналған өтініш
1. Жер қойнауын пайдаланушы__________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы)
2. Лицензия, сериясы, № ____________________________________ берілген
(объектілер, пайдалану мерзімі)
Берілген күні________________________________________________________
Берілген мақсаты ____________________________________________________
(игеру, барлау,бірлесіп игеру және барлау)
3. __________________________________________________________________
(құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)
арасында__________жасалған жер қойнауын пайдалануға келісімшарт.
(күні)
Мемлекеттік тіркеу актісі №__________, күні__________________________
4. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы___________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 1 (бір) данасы қоса беріледі.
Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының тегі, аты,
әкесінің аты және қолы.
М.О.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |