• Мое избранное

Отправить по почте

1

Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 қарашада № 12235 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_______________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 5 қазандағы
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
______________ В. Школьник 
2015 жылғы 4 тамыздағы
1
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 19-5/293 бұйрығымен
 бекітілген
1
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары
1. Осы Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi - су шаруашылығы құрылыстары) кейiннен сатып алу құқығынсыз жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды. 
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалға алушы - Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 
2) жалға беруші - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар;
3) кепілдік жарнасы - тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) сенімгерлік басқару құрылтайшысы - республикалық меншікке өкілдік ететін уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган;
6) сенімгерлік басқарушы - мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
7) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
8) тендер - жалға беруші немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен олар қабылдаған бастапқы шарттарының негізінде жалға беруші немесе сенімгерлік басқарушы шарт жасасуға міндеттенетін су шаруашылығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
9) тендерлік комиссия - жалға беруші немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы су шаруашылығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған комиссия;
10) тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
11) тендер жеңімпазы - тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
12) теңгерімде ұстаушы - су шаруашылығы құрылысы жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берілген мемлекеттік заңды тұлға;
13) уәкілетті орган - елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) шарт - жалға беруші мен жалға алушы немесе сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушы арасында жасалған су шаруашылығы құрылысын жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарты.
3. Су шаруашылығы құрылыстары су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлуi мүмкiн. 
4. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тендерлер өткiзу жолымен жүзеге асырылады. 
5. Оларды әрі қарай нысаналы мақсаты бойынша пайдалану су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға берудiң мiндеттi шарты болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау жалға берушiнiң немесе сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының шешiмi бойынша жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.
Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде, технологиялық циклдың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі талап белгiленедi.
6. Су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Су шаруашылығы құрылыстары бойынша жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемелерін теңгерімде ұстаушы баланстық құнды, белгіленген жұмыс режимін, су шаруашылығы құрылыстарын қауіпсіз ұстау және пайдалану қағидалары мен талаптарын, су ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерін есепке ала отырып айқындайды және бекітеді:
республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары бойынша уәкiлеттi органмен, мемлекттік мүлік жөніндегі уәкілеттi органмен, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті органның ведомстволарымен келiсiм бойынша; 
аудандық және облыстық коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары бойынша - жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiмен және уәкілетті орган ведомствосының өңірлік бөлiмшелерiмен келiсiм бойынша айқындайды және бекiтедi. 
7. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруші болып мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді, облыстық және аудандық коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беруші болып жергілікті атқарушы органдар әрекет етеді.
8. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру бойынша тендер өткізу туралы шешiмді уәкiлеттi органның және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволарымен келiсiм бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды. 
9. Облыстық және аудандық коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарын жалға беру бойынша тендер өткізу туралы шешiмді табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлiмшелерiмен және уәкiлеттi органның өңірлік бөлімшелерімен келісiм бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
11. Жалға берушi тендерге дайындалу және оны өткiзу кезiнде: