• Мое избранное

Отправить по почте

1

Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 желтоқсанда № 9998 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 жылғы № 326 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (02.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 жылғы № 326 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйеге жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е.Досаев
20014 жылғы 27 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
      ________________Ә.Исекешев
20014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілген
1
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Талаптар және тізбе өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 11.09.2015 жылғы № 565 Бұйрығымен (28.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Талаптар және тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.11.2015 жылғы № 639 Бұйрығына сәйкес (11.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.10.2017 жылғы № 363 Бұйрығына сәйкес (10.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 жылғы № 326 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2019 жылғы № 322 Бұйрығына сәйкес (22.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.09.2020 жылғы № 291 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптар және тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (02.09.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптар және тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.10.2022 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (25.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі

р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі мыналардың болуын қамтиды:

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), немесе жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің болуы

мәлімделген қызметтің кіші түріне бекітілген технологиялық регламенттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау; магистральдық құбырларды пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді.

Бекітілген технологиялық регламенттің болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

2

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі:

1) кіші қызмет түрлері үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) болуы:

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу;

көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;

теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;

мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану;

2) көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша ғимарат немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы

1) өндірістік базаның /ғимараттың/тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі;

2) жалға алу/сенімгерлік басқару жағдайында – жалға алу/сенімгерлік басқару шартының нөмірі, күні, мерзімі қамтылған мәліметтер нысаны*

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік база болған жағдайда (бір жылдан астам мерзімге жалдау/сенімгерлік басқару) ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінен алынады.

Көрсетілген объектілердің және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

3

Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:


 


 

1) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер үшін – ұңғымалық аспаптар мен жабдықтар (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы

ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырды) атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;

орналасқан жерін***

қамтитын мәліметтер нысаны*

дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Ұңғымалық аспаптар мен қондырғының (шығырдың) және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

2) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары үшін – сейсмикалық станцияның және сейсмикалық барлау жабдықтарының болуы

сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

Сейсмикалық станцияның, сейсмикалық барлау жабдығының және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

3) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар үшін – ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы

ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырды) атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

Ұңғымалық аспаптар мен қондырғының (шығырдың) және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

4) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары үшін: рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың; қойманың немесе жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың; перфорациялық жабдықтың болуы

рұқсаттың атауын, нөмірін және берілген күнін не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың нөмірін және берілген күнін; жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың не жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты;

қойманың орналасқан жерін***; перфорациялық жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын қамтитын мәліметтер нысаны*

қойманың, жабдықтың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

5) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін – бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың, бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

бұрғылау қондырғысын, бұрғылау сорғысын, шығарындыға қарсы жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

тиісті қондырғылардың, жабдықтың, сорғының, тораптың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

6) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою үшін – ұңғымаларды жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою

жөніндегі көтергіш қондырғының; шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының және ыдыстың болуы

ұңғымаларды жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою бойынша көтергіш қондырғының; шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; ыдыстың болуы туралы ақпаратты; орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Тиісті қондырғылардың, жабдықтың, агрегаттың, ыдыстың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

7) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу үшін – мамандандырылған цементтеу агрегаттарының және ыдыстардың болуы

цементтеу агрегаттарының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**; ыдыстың болуы туралы ақпаратты;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Тиісті агрегаттардың, ыдыстың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

8) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін – сорғы агрегаттарының болуы

сорғы агрегаттарының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Сорғы агрегаттарының және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

9) теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар

үшін – теңізде мұнай жинау құрылғысы, қалқымалы резервуарлар мен бондық бөгеттердің болуы

теңізде мұнай жинау құрылғысының, қалқымалы резервуарлар мен бондық бөгеттердің** атауын, маркасын;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

тқұрылғылардың, резервуарлардың, бөгеттердің және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

10) мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану үшін: негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтың; мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананың немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы

негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; мұнай-газ-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың болуы туралы ақпаратты; зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірін және күнін немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірін және берілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны*

негізгі технологиялық қондырғылардың, жабдықтың, қоймалардың, зертханалардың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

11) көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау үшін – көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның болуы (кен шоғырларының құрылымын, стратиграфиясын және қасиеттерін сипаттауды, көмірсутектерді өндіру көлемін әзірлеу және болжау жүйесін жобалау үшін мұнай және газ қабаттарын (кен шоғырларын) гидродинамикалық модельдеуді көздейтін мұнай және газ кен орындарын геологиялық модельдеу бойынша); мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы), кәсіпшілік зерттеулерге арналған ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және жобалау үшін пайдаланылатын ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы

лицензиялық бағдарламалық қамтылымдардың атауын; лицензиялық бағдарламалық қамтылымдарды пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күнін; қолданылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің атауларын, маркалары мен санын;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

лицензиялық бағдарламалық қамтылымдардың, мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

12) көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау үшін – көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның (ұңғымаларды бұрғылауды жобалауды (ұңғымаларды өткізу, қысым градиенттерін және гидродинамикалық сипаттамаларды есептеу, бұрғылау және шегендеу бағаналарын есептеу, цементтеу процесін есептеу);

мамандандырылған техниканы және (немесе) жабдықтың (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы) болуы

лицензиялық бағдарламалық қамтылымның атауын; лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күнін; қолданылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің, атауларын, маркалары мен санын;

орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*

лицензиялық бағдарламалық қамтылымның, мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

4

Магистральдық құбырларды пайдалану үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:

1) магистральдық құбырдың;

2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын магистральдық құбырды пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтың болуы;

3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін – диагностикалық аспаптардың;

4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін – бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен жабдықтардың;

5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуы

1) магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің ұзындығын көрсете отырып, магистральдық құбырлардың болуын растайтын құжаттардың атауын, нөмірін және күнін;

2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын, магистральдық құбырларды пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтардың атауын;

3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін –диагностикалық аспаптардың атауын;

4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін –бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауын;

5) бағдарламалар мен жоспарлардың атауы мен бекітілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны*

«магистральдық құбырларды пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады.

Магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының, аспаптардың, құралдардың, жабдықтардың, бағдарламалардың, жоспарлардың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

5

Мыналарды:

1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті;

3) қоршаған ортаны қорғауды;

4) метрологиялық бақылауды;

5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтауды («мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);

6) магистральдық құбырларды пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды («магистральдық құбырларды пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады) қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы

жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді.

Бұйрықтардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

6

Мынадай біліктілік құрамының болуы:

1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;

2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман

мынадай ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*:

1) мәлімделген кіші қызмет түрлерін ұйымдастыруды жүзеге асыратын техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

2) мәлімделген қызметтің кіші түрлерін орындайтын 3 маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

техникалық басшыға және мамандар үшін көмірсутектер саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сәйкес анықталады.

Мамандардың білікті құрамының (тиісті білімін, өтілін, жұмыс тәжірибесі мен лауазымын растайтын құжаттар) болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады

* Мәліметтер нысаны осы Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшада көрсетілген;
** кемінде екі агрегаттың, резервуарлардың және бондық бөгеттердің болуы;
*** қондырғыларды, техниканы, аспаптар мен жабдықтарды орналастыру орны рұқсаттық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі.
Көмірсутектер саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары
мен оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны*
 1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау; магистральдық құбырларды пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды): ____________________________________________________________________________. (мәлімделген қызметтің кіші түріне технологиялық регламенттің болуы туралы ақпарат) 2. Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі: 1) кіші қызмет түрлері үшін – өндірістік базаның (өндірістік үй- жайдың/қойманың/цехтың) болуы: көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер; көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары; көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар; көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары; көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау; көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою; көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу; көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар; мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану ____________________________________________________________________________; (өндірістік базаның техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында – жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, шарттың нөмірі мен күні)* 2) көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы ____________________________________________________________________________. (ғимараттың/тұрғын емес үй–жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында – шарттың нөмірі мен күні)* Осы тармаққа ескертпе: * егер меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (жалдау/сенімгерлікпен басқару шартының мерзімі бір жылдан көп болса) өндірістік база/ғимарат/тұрғын емес үй-жай (кеңсе) болған жағдайда, ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінен алады. 3. Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде: 1) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер үшін: _____________________________________________________________________________; (ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі* орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: * ұңғымалық аспаптарды және қондырғыларды (шығырларды) дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; *** аспаптар мен қондырғылардың (шығырлардың) орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 2) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары үшін: ______________________________________________________________________________; (сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: * сейсмикалық станцияны және сейсмикалық барлау жабдығын дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; *** сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 3) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар үшін: ______________________________________________________________________________; (ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптарының) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*, орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: * ұңғымалық аспаптарды және қондырғыларды (шығырларды) дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; *** аспаптар мен қондырғылардың (шығырлардың) орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 4) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау- жару жұмыстарын жүргізу үшін: рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың болуы ______________________________________________________________________________; (жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні) ___________________________________________________________________________________; (жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)* Осы тармақшаға ескертпе: * ұйымның жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар болған жағдайда жол толтырылмайды; жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың не жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы ______________________________________________________________________________; (жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың болуы туралы ақпарат; қойманың орналасқан жері***) ___________________________________________________________________________________; (жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпарат; қойманың орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпе: * ұйымның қоймасы жеке меншік құқығында болған жағдайда, жол толтырылмайды; *** қойманың орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; перфорациялық жабдықтың болуы ______________________________________________________________________________; (перфорациялық жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы) 5) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін: бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың болуы ______________________________________________________________________________; (бұрғылау қондырғысы, бұрғылау сорғысы, шығарындыға қарсы жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі; орналасқан жері***) бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы ______________________________________________________________________________; (бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпе: *** бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысы, шығарындыға қарсы жабдықтың, бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазарту торабының орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 6) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою үшін: ұңғымаларды жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою бойынша көтергіш қондырғының; шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегаты мен ыдыстың болуы _____________________________________________________________________________; (ұңғымаларды жөндеуге, сынауға, игеруге, сынамалауға, консервациялауға, жоюға арналған көтергіш қондырғының; шығарындыға қарсы жабдықдың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***) ыдыстың болуы туралы ақпарат ____________________________________________________________________________; (ыдыстың болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: * дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда, вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; *** ұңғымаларды жөндеуге, сынауға, игеруге, сынамалауға, консервациялауға, жоюға арналған көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 7) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу үшін: мамандандырылған цементтеу агрегаттарының болуы туралы ____________________________________________________________________________; (цементтеу агрегаттарының атауы**, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***) ыдыстың болуы туралы ____________________________________________________________________________; (ыдыстың болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: * дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; ** кемінде екі цементтеу агрегатының болуы; *** мамандандырылған цементтеу агрегаттары мен ыдыстардың орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 8) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін: сорғы агрегаттарының болуы туралы ____________________________________________________________________________; (сорғы агрегаттарының** атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: * дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі; ** кемінде екі сорғы агрегаттың болуы; *** сорғы агрегаттарының орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 9) теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар үшін: ____________________________________________________________________________; (теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, қалқымалы резервуарлар мен бондық бөгеттердің** атауы, маркасын; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпелер: ** теңізде кемінде екі құрылғының, жүзбелі резервуарлардың және бондық бөгеттердің болуы; *** теңізде мұнай жинау құрылғысының, қалқымалы резервуарлардың және бондық бөгеттердің орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 10) мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану үшін: негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың болуы туралы ___________________________________________________________________________; (негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі) мұнай-газ-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың болуы туралы ___________________________________________________________________________; (қоймалардың болуы туралы ақпарат) аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелге зертханамен қызмет көрсетуге шарттың болуы туралы ___________________________________________________________________________; (өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша зертханаға берілген аккередиттеу аттестаттың нөмірі және күні) ___________________________________________________________________________. (өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың нөмірі және берілген күні)* Осы тармақшаға ескертпе: * ұйымның өзінің зертханасы бар болған жағдайда жол толтырылмайды; 11) көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау үшін: лицензиялық бағдарламалық қамтылымның болуы ____________________________________________________________________________; (лицензиялық бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күні) кәсіпшілік зерттеулерге арналған компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы ____________________________________________________________________________; (кәсіпшілік зерттеулерге арналған қолданылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды алу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) атаулары, маркалары мен саны; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпе: *** мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі; 12) көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау үшін: лицензиялық бағдарламалық қамтылымның болуы ____________________________________________________________________________; (лицензиялық бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күні) компьютерлердің, принтерлердің және плоттерлердің болуы ____________________________________________________________________________. (пайдаланылатын компьютерлердің, принтердің және плоттердің атауы, маркасы мен саны; орналасқан жері***) Осы тармақшаға ескертпе: *** мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың орналасқан жері рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру үшін көрсетіледі. 4. Магистральдық құбырларды пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде мыналардың болуы: 1) магистральдық құбырлар ___________________________________________________________________________; (магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің ұзындығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі және берілген күні) 2) мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын магистральдық құбырларды пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптары және жабдықтары ___________________________________________________________________________; (мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын магистральдық құбырларды пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптардың және жабдықтардың атауы) 3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін: ___________________________________________________________________________; (диагностикалық аспаптардың атауы) 4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін: ___________________________________________________________________________; (бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың,жабдықтардың атауы) 5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалар; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары) ___________________________________________________________________________. (бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні) 5. Мыналарды*: 1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті; 3) қоршаған ортаны қорғауды; 4) метрологиялық бақылауды; 5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтау (тек «мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады); 6) магистральдық құбырларды пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды («магистральдық құбырларды пайдалану» қызметтерінің кіші түрлеріне ғана қолданылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар: ____________________________________________________________________________. (жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат) Осы тармаққа ескертпе: * көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді. 6. Біліктілік құрамының болуы туралы ақпарат: 1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы үшін – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы* ____________________________________________________________________________; (мәлімделген кіші қызмет түрлерін ұйымдастыруды жүзеге асыратын техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) 2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл* болатын 3 маман ____________________________________________________________________________. (мәлімделген қызметтің кіші түрлерін орындайтын 3 маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).
* техникалық басшы мен мамандардың көмірсутектер саласындағы мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар бойынша анықталады.