• Мое избранное

Отправить по почте

1

Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
 № 961 қаулысымен
 бекітілген
1
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары
1. Осы Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі – Конституциялық заң) 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысымен (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2019 жылғы № 322 Қаулысымен (21.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысымен (27.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы – Конституциялық заңның 35-бабының 1, 1-1 және 2-1-тармақтарына  сәйкес отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берген судья;
3) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым – Конституциялық заңның 35-бабының 2-1-тармағында көзделген тәртіппен отставкадағы судьяға төленетін ақшалай төлемдер;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
1
3. Отставкадағы судья (бұдан әрі — өтініш беруші) соңғы лауазымында істеген жұмыс орны бойынша уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау (қалпына келтіру) туралы өтініш (будан әрі — өтініш) береді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Өтінішті Конституциялық заңда көзделген ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алуға құқық туындаған кезде өтініш беруші уәкілетті органға береді.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысымен
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
3) судьяның еңбек қызметін растайтын құжат не оның нотариат куәландырған көшірмесі.
6. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау (қалпына келтіру) туралы өтінішті уәкілетті орган осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша судьяның отставкаға шығуы, судьяның отставкасын тоқтату, тоқтата тұру және қалпына келтіру туралы мәліметтерді тіркеу және есепке алу журналында қағаз және электрондық тасығыштарда тіркейді.
7. Уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындауға (қалпына келтіруге) үміткер әрбір өтініш берушіге мынадай құжаттардан іс қалыптастырады:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) уәкілетті органның кадр қызметі ұсынатын, судьяның отставкаға шыққанын растайтын құжат;
5) уәкілетті органның кадр қызметі ұсынатын, судьяның қажетті жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжат;
6) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын соңғы атқарған қызметі бойынша лауазымдық еңбекақы мөлшері туралы құжат;
7) уәкілетті органның қаржы қызметі ұсынатын судьяға есептелетін өмір бойғы қамтылымының есеп-қисабы.
8. Уәкілетті орган өтініш берушінің өтініші келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымның өтініш берілген күнгі мөлшерін көрсете отырып, ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындау (тоқтата тұру, қалпына келтіру) не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Өтініш берушіге ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындаудан (қалпына келтіруден) бас тарту туралы қорытынды Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша шығарылады.
1
9. Қорытынды ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы бұйрық дайындау үшін жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның басшысына беріледі.
Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша нысанда бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды.
10. Уәкілетті орган отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау туралы хабарламаны (бұдан әрі — хабарлама) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
11. Тегі, аты немесе әкесінің аты, ағымдағы банктік шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы көрсетілген өзгерістер орын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс материалдарына қосып тіркеу үшін растайтын құжаттармен бірге өтініш береді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Отставкадағы судья өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін бір мезгілде ала алмайды.
13. Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.03.2024 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (12.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Еңбек өтілін анықтау және өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшерін есептеу
14. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күні қолданыстағы судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымына төленетін еңбекақы бойынша есептеледі.
15. Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшерін есептеу Конституциялық заңның 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымын тағайындау үшін еңбек өтіліне судьяның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған күнінен бастап және өкілеттігін нақты тоқтатқан күніне дейінгі оның жұмыс кезеңі есептеледі.
17. Судьялық жұмыс өтілі үзілген жағдайда жалпы судьялық өтіл судья лауазымындағы жұмыстың барлық кезеңі үшін болған үзіліске қарамастан жиынтықта есептеледі.
18. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьяларға еңбекақы ақы төлеу мөлшері ұлғайған кезде уәкілетті орган отставкадағы судьяға төленетін ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды қайта есептеуді жүргізеді.
19. 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу ол уәкілетті органға ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.
Зейнетақы төлемдерін алушы тұлғалар үшін ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
19-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
20. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым мөлшері тағайындалған және өзгерген кезде тиынмен есептелген барлық сома тиын сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады. 
21. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді уәкілетті орган ай сайынғы өмір бойғы қамтылым тағайындау туралы бұйрықтың негізінде өтініш берушінің ағымдағы банктік шотына жүзеге асырады.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеуді тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
22. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу:
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1) Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша судьяның отставкасы тоқтатыла тұрған жағдайда;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.03.2024 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (12.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) отставкадағы судья Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқарған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқаруы тоқтатылған жағдайда, судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеу қайта басталады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтату, қалпына келтіру өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды төлеуді тоқтата тұру (қалпына келтіру) туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.
23. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша судьяның отставкасы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.05.2019 жылғы № 322 Қаулысына сәйкес (21.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Отставкадағы судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу қайтыс болған ай қоса есептеліп жүзеге асырылады.
24. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеуді тоқтату, тоқтата тұру және қалпына келтіру бойынша шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-9-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылдайды.
25. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеу тоқтатып қойылған, тоқтатылған немесе қалпына келтірілген жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды төлеудің тоқтатып қойылғаны, тоқтатылғаны немесе қалпына келтірілгені туралы хабарлама жібереді.
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
25-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Отставкадағы судьяларға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу туралы мәліметтердің есебін жүргізу
26. Уәкілетті орган судьялардың отставкасы, судьялардың отставканы тоқтатуы, судьяның отставканы тоқтата тұруы және қалпына келтіруі туралы, сондай-ақ уәкілетті орган қабылдаған шешімдер туралы мәліметтердің есебін қағаз және электрондық тасығыштарда есепке алу журналында жүргізеді.
Отставкадағы судьяға өмір
 бойғы ай сайынғы
қамтылым төлеу қағидаларына 
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы
қамтылым төлеу жөніндегі уәкілетті органға
кімнен________________________________
Т.А.Ә. (егер бар болса)
_____________________________________
мекенжайы:
_____________________________________
Отставкадағы судья ретінде маған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын.
Судья ретінде жұмыс өтілімім _______________________________________________құрайды.
судьясы (төрағасы, алқа төрағасы) лауазымындағы соңғы жұмыс орным
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «_____» _________№
«_____» __________№ __________________Жарлығының     негізінде босатылдым.
Өзім ұсынған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілік аламын.
Барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгергені туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.
Бұрын басқа ведомстводан зейнетақы төлемдері тағайындалғанын/тағайындалмағанын хабарлаймын.
Отставкадағы судьяға өмір
 бойғы ай сайынғы
 қамтылым төлеу
 қағидаларына
 2-қосымша
Судьяның отставкаға шығуы, судьяның отставкасын тоқтату, судьяның отставкасын тоқтата тұру және қалпына келтіру туралы мәліметтерді тіркеу және есепке алу журналы

р/с №

Жүгінген күні

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш берушінің туған күні

ЖСН

Тұрғылықты жері

Сайланған немесе тағайындалған күні

Отставкадағы күні

Отставкасы тоқтатылған тоқтатыла тұрған, және қалпына келтірілген күні

Уәкілетті органның шешімді қабылданған күні және ай сайынғы төлемдердің мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 




 

Отставкадағы судьяға өмір
 бойғы ай сайынғы
 қамтылым төлеу
 қағидаларына
 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру, қайта бастау) не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының
1. 20 ____ жылғы «____» ____________ бастап отставкадағы судьяға өмір
 бойғы ай сайынғы қамтылым _______________________ теңге мөлшерінде
2. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды
 теңге мөлшерінде өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу 20 ____ жылғы
 _______________ теңге мөлшерінде отставкадағы судьяға өмір бойғы ай
Отставкадағы судьяға өмір
бойғы ай сайынғы қамтылым
төлеу қағидаларына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру немесе қалпына келтіру) туралы ХАБАРЛАМА
             20______ жылғы «___» _____________ бастап отставкадағы судья ретінде  
ай сайынғы өмір бойығы қамтылым тағайындалды (тоқтатып қойылды немесе  
             Банк деректемелері және алушының ағымдағы банктік шот нөмірі  
             Мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемдерін және (немесе) жасына байланысты
зейнетақы төлемдерін және (немесе) жұмыс атқарған жылдарына зейнетақы төлемдерін
тоқтату үшін немесе тағайындау үшін негіз болып табылады.