• Мое избранное
Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру
Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына 2-қосымша

«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.10.2020 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 25.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік (бұдан әрі - рұқсат беру куәлігі) және автокөлік құралына рұқсат карточкасы (бұдан әрі - рұқсат карточкасы), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11476 тіркелген) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) автоматты түрде электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
2) 2 жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау;
3) 4 сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу:
белгіленген талаптардың сәйкестігінде рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушысына қол қоюға жолдау;
бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға және жеке кабинетке ақпараттық жүйе арқылы жолдау.
4) 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы түскен құжаттарын қарау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы рұқсат беру куәлігіне және рұқсат карточкасына қолын қойып, көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкеріне жіберу;
5) рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1) электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу - автоматты түрде;
2) ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау - 2 жұмыс күн ішінде
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу - 4 сағат ішінде:
белгіленген талаптардың сәйкестігінде рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушысына қол қоюға жолдау;
Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде жіберіледі;
3-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкерімен рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау - 4 (төрт) сағат ішінде.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
4-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы: 
1-процесс – өтінішті және құжаттарды қабылдау;
1-шарт – ұсынылған құжаттарын тексеру;
2-процесс – өтінішті қабылдаудан бас тарту;
3-процесс – өтінішті тіркейуі және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;
2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында белғілеген талаптарға сәйкестігін тексеру;
4-процесс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ақпараттық жүйелер арқылы жіберуі;
5-процесс – рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау;
2) портал арқылы: 
көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеғе асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
1-шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және құпия сөзі арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректер дұрыстығының тексеру;
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ныц тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
7-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдау тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға
 рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорация арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы
Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
 Бастапқы хабарлама;
 Аяқталған хабарлама;
 Аралық хабарлама;
 Ақпараттық жүйе;
 Процесс;
 Шарты;
 Хабарламалар ағыны.
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға
 рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру