Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 671 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 25.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет):
1) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
2) жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат, отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі - шетелдік рұқсат), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 11476 тіркелген) «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы:
екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша отандық автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын көрсетуімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) рәсімдейді және ақпараттық жүйесі арқылы оны ХҚО-ға жолдайды;
жүріп өтуіне алым сомасын төлеуін растайтын төлем құжатын (бұдан әрі - төлем құжаты) түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде шетел рұқсат бланкілерін рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
шетелдік рұқсатты Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы:
екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарайды және оларды белгіленген талаптардың сәйкестігіне тексереді;
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша отандық автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын көрсетуімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) рәсімдейді және ақпараттық жүйесі арқылы оны ХҚО-ға жолдайды;
жүріп өтуіне алым сомасын төлеуін растайтын төлем құжатын (бұдан әрі - төлем құжаты) түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде шетел рұқсат бланкілерін рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде курьер арқылы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдайды.
6) шетелдік рұқсатты Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы;
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарын қарап және оларды көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің аралық нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде жіберу – 4 (төрт) сағат:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберіледі;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап жіберіледі;
4) алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеруі – 4 (төрт) сағат:
төленген соманың сәйкестігі кезінде шетелдік рұқсат рәсімделеу;
төленген соманың сәйкессіздігі кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап электрондық түрде рәсімделеу;
көрсетілетін қызметті алушыға алымдардың сомаларын төленгенін растайтын құжаттарының жоқтығы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде рәсімдеу;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкерімен шетелдік рұқсатты курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдау – 2 (екі) сағат.
4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтыгы:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
1-процесс – өтінішті және құжаттарды қабылдау;
1-шарт – ұсынылған құжаттарын тексеру;
2- процесс – өтінішті қабылдаудан бас тарту;
3-процесс – өтінішті тіркейуі және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберу;
4-процесс – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың қабылдау;
2-шарт – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеру;
5-процесс – мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ақпараттық жүйелер арқылы жіберу;
6-процесс – шетелдік рұқсатты курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жіберу;
көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
1-шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және құпия сөзі арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректер дұрыстыгының тексеру;
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
7-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру;
8-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап ақпараттық жүйе арқылы жіберу;
9-процесс – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін хабарлама жіберу;
10-процесс – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың қабылдау;
4-шарт – алым сомасының төленгенін растайтын құжаттардың тексеру;
11-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап ақпараттық жүйе арқылы жіберу;
12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының шетелдік рұқсатты беру туралы хабарландыруын (электрондық түрде) жіберу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің өзара іс-қимылдарының сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға
сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет
аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы
Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 2 диаграммасы
Бастапқы хабарлама;
Аяқталған хабарлама;
Аралық хабарлама;
Ақпараттық жүйе;
Процесс;
Шарты;
Хабарламалар ағыны.
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы
арқылы жүріп өтуге рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру»