Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 378 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 26.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылдың 22 сәуірінде № 299 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 11222 болып тіркелген) «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуға қанағаттандырылған өтініші, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9- тармағына сәйкес құжаттарды қоса тіркеген қызметті алушының электрондық сауалы негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өту фактілері анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәледі бас тартады. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, оларды бастапқы тексеру туралы қорытындыға қоса ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына жібереді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады және сәйкес келу немесе сәйкес келмеу туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкес келген жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы шешім дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
6) ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
Toggle Dropdown
6. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері келіп түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні тіркеледі.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өту фактілері анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, оларды бастапқы тексеру туралы қорытындыға қоса ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына жібереді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы талдау және инспекциялау басқармасы және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады және сәйкес келу немесе сәйкес келмеу туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажет талаптарға сәйкес келген жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімдеу туралы шешім дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажет талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
6) ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
Toggle Dropdown
7. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Талап етілетін құжаттардың толық болмау фактілері және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің аяқталғаны анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
4) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармалардың басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 4 (төрт) сағат.
Toggle Dropdown
5) ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілген қызметті алушының берген өтінішін қайтарып алуға арналған өтініші түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы қайтарып алуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешім дайындайды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
4) қайтарып алуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешімге көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
Toggle Dropdown
8-1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұруға немесе жаңғыртуға арналған өтініші түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұруға немесе жаңғыртуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешім дайындайды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұруға немесе жаңғыртуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешімге көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
Toggle Dropdown
8-2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғыртуға арналған өтініші түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
Toggle Dropdown
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғырту үшін ұсынылған құжаттарды ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына жібереді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат;
Toggle Dropdown
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойғанын тексеруді жүзеге асырады және бұзушылықтардың жойылуы немесе жойылмауы туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 7 (жеті) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Бұзушылықтар жойылған жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғырту туралы шешім дайындайды, бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғыртудан бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғыртады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Toggle Dropdown
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
9. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет (заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу) көрсетудегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) кіріс нөмірі және күні койылып тіркелген өтініш;
Toggle Dropdown
2) салынған бұрыштама және өтінішті лицензиялау басқармасына беру;
Toggle Dropdown
3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың қолданылу мерзімін тексеру: құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту немесе бастапқы тексеру туралы қорытындыны қосып беру;
Toggle Dropdown
4) талдауды жүргізу және көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажет талаптарға сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды дайындау;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім дайындау;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімге көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасарының қол қоюы.
Toggle Dropdown
10. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет (заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу) көрсетудегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) кіріс нөмірі және күні койылып тіркелген өтініш;
Toggle Dropdown
2) салынған бұрыштама және өтінішті лицензиялау басқармасына беру;
Toggle Dropdown
3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың қолданылу мерзімін тексеру: өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту немесе өтінішті қарау.
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімді дайындау;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімге көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қол қоюы.
Toggle Dropdown
11. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет (қайтарып алуға арналған өтініш) көрсетудегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) кіріс нөмірі және күні койылып тіркелген өтініш;
Toggle Dropdown
2) салынған бұрыштама және өтінішті лицензиялау басқармасына беру;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімді дайындау;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімге көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қол қоюы.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы;
Toggle Dropdown
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы;
Toggle Dropdown
5) материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы.
Toggle Dropdown
13. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері реттік тіркеу нөмірі мен күнін беріп, келіп түскен құжаттарды тіркеуді 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бұрыштама қол қояды және өтініш пен құжаттарды лицензиялау басқармасына 1 (бір) сағат ішінде береді;
Toggle Dropdown
3) лицензиялау басқармасы ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді;
Toggle Dropdown
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында және заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі тексерілмейді.
Toggle Dropdown
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы және материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойғанын тексеруді 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді:
Toggle Dropdown
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;
Toggle Dropdown
қайтарып алуға арналған өтінішті қанағаттандыру жағдайында 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындайды;
Toggle Dropdown
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында 4 (төрт) сағат ішінде дайындайды;
Toggle Dropdown
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту жағдайында 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;
Toggle Dropdown
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғырту жағдайында 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;
Toggle Dropdown
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары мемлекеттік қызметті көрсету шешіміне 2 (екі) сағат ішінде қол қояды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
4 - тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
14. Осы регламентте мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қарастырылмаған.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі және жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушы порталда өзінің тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеуді жүзеге асырады (порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
1-ші процесс – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн порталда авторизациялау;
Toggle Dropdown
2-ші процесс – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарды есепке алып толтыруы (деректерді енгізу), сұрану нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекіту;
Toggle Dropdown
3-ші процесс – электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы көрсетілетін қызмет ақысын төлеу, сонан соң бұл ақпарат «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (ЕЛ МДҚ АЖ) келіп түседi:
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МДҚ АЖ-да тексеру;
Toggle Dropdown
4-ші процесс – ЕЛ МДҚ АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
5-ші процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаның тiркеу куәлiгiн таңдауы;
Toggle Dropdown
6-шы процесс – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
Toggle Dropdown
7-ші процесс – ЕЛ МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
Toggle Dropdown
8-ші процесс – көрсетiлетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және (немесе) қайта ресімдеу шарттарына сәйкестiгiн көрсетiлетін қызметті берушінің тексеруі;
Toggle Dropdown
9-шы процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Toggle Dropdown
Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
«Радиоактивті заттармен,
құрамында радиоактивті заттар
бар аспаптармен және
қондырғылармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«Радиоактивті заттармен,
құрамында радиоактивті заттар
бар аспаптармен және
қондырғылармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
Toggle Dropdown