• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына 7-қосымша

7-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес 
1
«Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.10.2017 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылдың 22 сәуірінде № 299 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 11222 болып тіркелген) «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуғақанағаттандырылған өтініші, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9- тармағына сәйкес құжаттарды қоса тіркеген қызметті алушының электрондық сауалы негіз болып табылады.
5. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өту фактілері анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәледі бас тартады. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, оларды бастапқы тексеру туралы қорытындыға қоса ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына жібереді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады және сәйкес келу немесе сәйкес келмеу туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) жұмыс күні;
4-тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкес келген жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы шешім дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
6) ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
6. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері келіп түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні тіркеледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өту фактілері анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, оларды бастапқы тексеру туралы қорытындыға қоса ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына жібереді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады және сәйкес келу немесе сәйкес келмеу туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) жұмыс күні;
4-тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажет талаптарға сәйкес келген жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімдеу туралы шешім дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажет талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
6) ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
7. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасының басшысына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Талап етілетін құжаттардың толық болмау фактілері және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің аяқталғаны анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
4) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау мен ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 4 (төрт) сағат.
5) ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
8. Көрсетілген қызметті алушының берген өтінішін қайтарып алуға арналған өтініші түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы қайтарып алуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешім дайындайды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) жұмыс күні;
4) қайтарып алуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешімге көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
8-1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұруға немесе жаңғыртуға арналған өтініші түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұруға немесе жаңғыртуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешім дайындайды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұруға немесе жаңғыртуға арналған өтінішті қанағаттандыру туралы шешімге көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат.
8-2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғыртуға арналған өтініші түскен жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
2-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғырту үшін ұсынылған құжаттарды ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына жібереді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) сағат;
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойғанын тексеруді жүзеге асырады және бұзушылықтардың жойылуы немесе жойылмауы туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 7 (жеті) жұмыс күні;
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Бұзушылықтар жойылған жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғырту туралы шешім дайындайды, бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғыртудан бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау және ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғыртады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні.
9. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет (заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу) көрсетудегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
2) салынған бұрыштама және өтінішті лицензиялау басқармасына беру;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың қолданылу мерзімін тексеру: құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту немесе бастапқы тексеру туралы қорытындыны қосып беру;
4) талдауды жүргізу және көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажет талаптарға сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды дайындау;
6) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімге көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасарының қол қоюы.
10. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет (заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу) көрсетудегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
2) салынған бұрыштама және өтінішті лицензиялау басқармасына беру;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың қолданылу мерзімін тексеру: өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту немесе өтінішті қарау.
5) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімге көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қол қоюы.
11. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет (қайтарып алуға арналған өтініш) көрсетудегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
2) салынған бұрыштама және өтінішті лицензиялау басқармасына беру;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімге көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қол қоюы.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
13. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері реттік тіркеу нөмірі мен күнін беріп, келіп түскен құжаттарды тіркеуді 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бұрыштама қол қояды және өтініш пен құжаттарды лицензиялау басқармасына 1 (бір) сағат ішінде береді;
3) лицензиялау басқармасы ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді;
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында және заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі тексерілмейді.
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойғанын тексеруді 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;
қайтарып алуға арналған өтінішті қанағаттандыру жағдайында 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындайды;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, Стандарттың 4-тармағында көрсетілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайында 4 (төрт) сағат ішінде дайындайды;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту жағдайында 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;
5-тармақша бесінші абзацпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін жаңғырту жағдайында 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды;
5-тармақша алтыншы абзацпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары мемлекеттік қызметті көрсету шешіміне 2 (екі) сағат ішінде қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4 - тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
14. Осы регламентте мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қарастырылмаған.
15. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі және жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы порталда өзінің тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеуді жүзеге асырады (порталға тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-ші процесс – мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн порталда авторизациялау;
2-ші процесс – көрсетiлетін қызметті алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарды есепке алып толтыруы (деректерді енгізу), сұрану нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекіту;
3-ші процесс – электрондық үкiметтiң төлем шлюзі арқылы көрсетілетін қызмет ақысын төлеу, сонан соң бұл ақпарат «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (ЕЛ МДҚ АЖ) келіп түседi:
мемлекеттік қызметті көрсеткенi үшiн төлем фактiсiн ЕЛ МДҚ АЖ-да тексеру;
4-ші процесс – ЕЛ МДҚ АЖ-да қызметті көрсету үшiн төлемнiң болмауына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-ші процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаның тiркеу куәлiгiн таңдауы;
6-шы процесс – көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгiзiлген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
7-ші процесс – ЕЛ МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетiлетін қызметті алушының сұрауын) тiркеу және ЕЛ МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеу;
8-ші процесс – көрсетiлетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және (немесе) қайта ресімдеу шарттарына сәйкестiгiн көрсетiлетін қызметті берушінің тексеруі;
9-шы процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЕЛ МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алуы.
Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Ядролық материалдарды,
радиоактивті заттарды, иондаушы
сәуле шығарудың радиоизотопты
көздерін, радиоактивті қалдықтарды
транзиттік тасымалдауды қоса
алғанда, Қазақстан Республикасы
аумағының шегінде тасымалдауға
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Ядролық материалдарды,
радиоактивті заттарды, иондаушы
сәуле шығарудың радиоизотопты
көздерін, радиоактивті қалдықтарды
транзиттік тасымалдауды қоса
алғанда, Қазақстан Республикасы
аумағының шегінде тасымалдауға
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы